

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
28
2) Дінімізде сыртқы тазалық пен ішкі жан-
дүниеміздің тазалығы да өте маңызды, сондықтан
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) көкірегін періштелердің
жарып, зәмзәм суымен тазалауы, оның жүрегінің
тазалығын білдіреді.
3) Еш ауыртпастан, қан төкпестен көкірегінен
жүрегін алып, тазалап қайта қоюы оның (с.а.с.) Аллаһ
тарабынан жіберілген пайғамбар екендігіне дәлелі.
4) Періштелер оның көкірегінен бір нәрсені
сөгіп алған. Бұл нәпсіге тиісті нәрсе болуы мүмкін.
Бұдан былай оны шайтан азғыра алмайды, сондықтан
Пайғамбарымыз жастайынан түрлі жамандықтан алыс
болған.
5) Алайда оның көкірегін жарып, жүрегінің
түбіндегі жаманшылық безін алып тастады деп
түсінбеуіміз керек. Егер адамның жаман болуы
жүрегіндегі жаманшылық безіне байланысты бол-
са, адамдарды жүрегін ауыстыру арқылы немесе ота
жасау арқылы жақсы адамға айналдыруға болар еді,
сондықтан бұл оқиғадағы хикмет Мұхаммедтің (с.а.с.)
қарапайым адам емес екендігін, уахиға дайындау үшін,
күнәдан пәк екендігін білдіру үшін көрсетілген.
6) Жүрегін жару арқылы оған Аллаһтан басқа
ешкімнен қорқықпайтын батылдық берді, өйткені көз
алдында дәрі-дәрмексіз көкірегін жарып, жүрегін алып
қайта салуы адамға қорқыныш әкеледі.
7) Оның салмағының ауырлығы, барша үмбетінің
қамын ойлаудың салмағы, оның Аллаһ алдындағы
міндетінің ауырлығын білдіреді. Ақиретте оның тара-
зысы ауыр басатынын білдіреді.
8) Мұхаммедтің (с.а.с.) пайғамбарлығы ақиретке
дейін жалғасады, барша адамзаттың түріне, түсіне,
ұлтына қарамай оларға үлгі болады, сондықтан