

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
29
осыншалық маңызды міндетке лайық толассыз иман
мен даналық жүрегіне салынды.
9) Аллаһ расулы шайтаннан қорғалып, уахи алуға
дайындалған. Барлық адамның жүрегінен табылатын
«шайтанның үлесі» алынып, миғраж түнінде Аллаһ
тағаланың құзырына көтерілген.
10) Жаратушымыздың сөзі – уахиды ешбір жара-
тылыс көтере алмайды. Мұхаммед пайғамбарымыздан
бұрын пайғамбарлар келді. Мұса мен Иса пайғамбарға
Таурат пен Інжіл бөлек-бөлек емес бірден түсті. Ал
Аллаһ елшісіне (с.а.с.) Құран кәрім 23 жыл бойы
бөлек-бөлек түсіп отырды. Уахидің ауырлығы сонша –
жаны шығып кете жаздап, терлеп кететін. Тіпті түйенің
үстінде отырғанда уахи келсе, түйе уахидің ауырлығына
шыдай алмай шөгіп қалатын. Мұндай ауыртпалықты
қарапайым адам көтере алмайды, тек жүрегі хикмет
нұрымен толтырылған Аллаһтың елшісі (с.а.с.) ғана
көтерген.
11) Миғражғашыққандакөкірегінжарып,Аллаһтың
құзырына баруға дайындады. Жаратылыстардың
ешбірі, тіпті періште де Аллаһтың құзырына көтерілген
емес. Тек қана Аллаһ елшісі (с.а.с.) әлемнің шегінен
асып, періштелер де өте алмайтын өтпелден өтіп,
Жаратушымыздың құзырына барды. Демек, мұндай
жерге бару үшін көкірегін жарып, бір өзгеріс жасауы да
орынды болса керек.
13. Мұхаммед (с.а.с.) барша адам баласына
ортақ пайғамбар ма?
Құран кәрім – Мұхаммед Мұстафаға (с.а.с.) бар-
ша адамзатқа ақиқатты танытып, түзу жолға салу
үшін, жалған мен ақиқатты айыру үшін, жұртты
қараңғылықтан құтқарып, ізгілікке қауыштыру үшін