Previous Page  35 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 35 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

35

әлемнің мырзасы келе жатыр

» (Жохан, 14/15, 16, 26,

29, 30).

Иса (а.с.) исрайылұлдарының қыңыр мінезін жақсы

білгендіктен, соңғы пайғамбардың ерекшеліктерін

осылайша жақсылап түсіндіруге тырысқан. Әсіресе,

есімінің Фарақлит аталатынын айтқанын баса көрсету

қажет. Бұл есімге үлкен зерттеу жасаған ғалым Аб-

дулахад Дәуіт бұл сөздің «көп мақталған», «үлкен»,

«атақты» деген мағынаға саятынын, «Ахмет» де-

ген есімнің синонимі екенін алға тартқан. Сонымен

қатар, сипаттары Хамид, Хаммад, Муиз, Мухлис

мағыналарына да тура келеді. Христиандар да бұл сөзді

«мақталған», «құтқарушы» мағынасында қолданады.

Түйініне тоқтасақ, қараңғылықтың қақпасын Құранның

кілтімен ашқан Мұхаммедке (с.а.с.) лайық сөз екені

даусыз. Сондай-ақ Хазірет Мәсіхтен кейін Мұхаммед

Мұстафадан (с.а.с.) басқа ешқандай пайғамбар

келмегеніне қарап, жоғарыда айтылған «

Жандарыңда

көп бола алмаспын, өйткені әлемнің мырзасы келе

жатыр» де

ген сөзден, барша адамзатқа пайғамбар

болып келетін Мұхаммед пайғамбарды (с.а.с.) айтып,

сүйіншілеп кеткенін түсінеміз.

Иса (а.с.): «Біз ақиқатты айтамыз. Фарақлит келуі

үшін мен кетемін. Ол бүкіл әлемді тура жолға тәрбиелеп,

қараңғылықтың тамырына балта шабады. Ақиқат рухы

тура жолды нұсқайды. Өз жанынан ештеңе қоспай тек

Аллаһтың әмірін айтады...» (Жохан, 16/7-13).

Хазірет Исаның сөздері түгелімен расқа шықты.

Кітап иелеріне Исаның (а.с.) дар ағашқа таңылып

өлмегенін және анасының пәк екенін айтты. Аллаһ

елшісі (с.а.с.) күллі елшілердің ортақ ұстанымындай

тәухидті түсіндіріп, Исаның айтқандарын қайталады.

Үш құдайлық ұғымның шектен шыққан қате екенін