

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
36
ұғындырып, үмбетіне пайғамбарға сүйіспеншіліктің
шариғаттық шеңберінен шығып кетпеуін қатаң ескертті.
15. Яһудилер мен христиандар
Пайғамбарымызды (с.а.с.) білген бе?
Кітап иелері Аллаһ елшісінің (с.а.с.) кескін-
келбетіне дейін білген. Құранда бұл туралы:
«Кітап
түсіргендеріміз
(Яһудилер мен христиандар)
оны өз
ұлдарындай таниды. Олардың арасындағы бір тобы
біле тұра ақиқатты жасырады»
34
деп кітап түсірілген
яһуди мен христиан ғалымдары Пайғамбарымыздың
(с.а.с.) келетінін білгендігін айтады.
Аятта
ерекше
көңіл
аударатын
тұс
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) есімі аталмай, орнына
«оны» деген есімдіктің қолданылуы, өйткені кітап
иелері «ол» дегенде әрдайым Таурат пен Інжілде аты
аталған тұлға, яғни хазірет Мұхаммедті (с.а.с.) меңзейді
деп түсінетін.
Бірде яһуди ғалымы Абдуллаһ ибн Сәламнан хазірет
Омар (р.а.): «Аллаһ елшісін өз ұлыңдай танитын ба
едің?» – деп сұрайды. «Өз ұлымнан да артық танитын
едім. Көңілімде әйеліме деген күдік туындауы мүмкін,
ал расулаллаһтың (с.а.с.) пайғамбарлығына ешқандай
күмәнданған емеспін», – деп ағынан жарылғанда, сөзіне
іштей сүйсінген хазірет Омар (р.а.) оның маңдайынан
сүйген екен.
Христиандарға келсек, олар да Мұхаммедтің (с.а.с.)
соңғы елші екенін жақсы білетін. Әу баста христиан-
дар арасында білімімен танылған Уарақа ибн Нәуфәл
Хадиша анамыздың (р.а.) ет жақын туыстарының
бірі еді. Пайғамбарымызға (с.а.с.) алғашқы уахи келе
34
«Бақара» сүресі, 146.