Previous Page  33 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 33 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

33

арабтар мен яһудилердің арасында қақтығыстар жиі

орын алатын. Айы оңынан тумай жеңілістің ащы дәмін

татқан яһудилер сонда: «Біздің айтқандарымызды рас-

тайтын бір пайғамбардың келетін уақыты таяу. Соны-

мен бірлесіп бәріңді Ад пен Ирам қауымдары сияқты

жоямыз», – дейді екен. Сонымен қоса, соңғы елшінің

құрметі үшін Аллаһқа дұға етіп: «Уа, Жаратқан! Таурат-

та сипаттаған, ақырзаманда жіберетін пайғамбарыңмен

бізге көмек бере гөр!» – дейтін, бірақ олардың көксеген

мақсаттары, соңғы пайғамбардың өздерінен шығып,

соның арқасында арабтарды жеңіп, әлемге билік құру

еді. Ал хазірет Мұхаммед (с.а.с.) олардың дүниені

билеуге деген құштарлықтарын қанағаттандырмай,

ұлтшылдықты тоқтатып, Аллаһтың құзырында бар-

ша адамзаттың тең дәрежеде екенін айтып, жөнсіз

мақсаттарын күл-талқан етті және Пайғамбарымыздың

(с.а.с.) араб болуы да оларды іштей қызғандырып, оны

мойындамау арқылы жауласты.

Төменде Таураттағы расулаллаһқа (с.а.с.) қатысты

көп сілтемелердің бір-екеуін ғана ұсынуды жөн көрдік.

а. «...Аллаһ Ибраһимге былай деді: «Балаң мен

күңіңді ойлап қайғырма. Сараның тілін ал, өйткені

ұрпағың Ысқақтан тарайды. Күңіңнен туған ұлың Ис-

майылды да бір ұлт қыламын. Аллаһ сәбидің дауы-

сын естіді. Періште Ажарға былай деді: «Еңсеңді түзе.

Балаңдыжоғары көтер, оны іргелі ел етемін» («Тәкуин»,

21/12, 13, 17, 18).

«...Сара жәбір көрсетіп, ақырында Ажар қашып

кетті. Жаратушының періштесі оны шөлдегі бұлақтың

басынан тауып былай дейді: «Сенің ұрпағыңды

көбейтемін. Көбейгені соншалық – санына жетіп бол-

майды» («Тәкуин», 16/6-10).