Previous Page  41 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 41 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

41

өтірікші санамайды, бірақ біле тұра Аллаһтың аят-

тарына қарсы шығады»

39

деген.

17. Қас дұшпандары иман келтірген бе?

Білім – барлық нәрсенің негізі. Сену үшін де білу

керек. Аллаһ өзінің дінін түсіндіру үшін елшілер

жіберді, Құран кітапты түсірді, сондықтан біз білмеген

нәрсемізді тани да алмаймыз, түсіне де алмаймыз.

Олай болса, Пайғамбарымызды тереңінен тану үшін

алдымен ол туралы мәліметті толық білуіміз керек.

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) қашан туылып, қашан

қайтыс болғандығын, балалық шағы мен соғыстарын,

әйелдері мен балаларын білу, оны шынайы түрде

тану үшін жеткіліксіз, өйткені бұл мәліметтерді оның

достары білгені секілді оның қас дұшпаны болған

Әбу Жәһил мен Әбу Ләһәб секілділер де білетін. Ол

Пайғамбарымызды (с.а.с.) бір Аллаһтың елшісі ретінде,

ақырғы пайғамбар ретінде тани алмағандықтан оған

қарсы шықты. Егер оны білуге, тануға тырысқанда,

ниеті дұрыс болғанда, міндетті түрде мойындайтын

еді. Суһайл ибн Амр мұсылмандардың қас дұшпаны,

әрі Пайғамбарымызды (с.а.с.) мойындамайтын Мекке

мүшріктерінің бірі болатын. Һудайбия келісімі кезінде

Меккеліктер Пайғамбарымызбен келісімге Суһайлды

жіберді. Келісім барысында Пайғамбарымыз (с.а.с.)

хатшылық етіп отырған Алиге (р.а.) «Бисмилләһир-

рахманир-рахим», – деп жаздырды. Сонда Суһайл: «Жо-

жоқ, біз бұған келіспейміз, «бисмилләһир-рахманир-

рахим»-ді біз білмейміз. «Бисмикә Аллаһуммә»

(Аллаһтың атымен) деп жазылсын», – деп қарсышықты.

39

«Әнғам», 33-аят.