

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
45
таусылған кезде үйіне барып қайтатын. Аллаһ тағала
адамзаттың жол көрсетушісі Мұхаммед Мұстафаны
(с.а.с.) Аллаһ тағала пайғамбарлыққа осылай дайында-
ды. Қағбаны алыстан бақылап, әлемде жасалып жатқан
қиянат атаулыдан жеке-жеке сыйынып, адамзаттан алы-
стап бара жатқан адамдық қасиеттерді қайтара гөр деп
Аллаһқа жалбарынды. Мұндайда жүрек түкпіріндегі
бір сенім Қағбаның болашақтағы иманмен нұрланған
тап-таза халіндегі суретін көз алдына елестетіп, сол
күндердің тұнық елесі бір сәтке көңілін жұбататын.
Хирада ол бөгделерге жасырын, Хаққа анық, өзіне
ғана тән ғибадат жасайтын. Түрлі деректерде хазірет
Ибраһимнің(а.с.)дінінұстанып, құлшылыққылғандығы
айтылады. Алайда бұл құлшылықтың нақты қалай
орындалғаны бізге беймәлім болса да Аллаһ елшісі
(с.а.с.) рухани кемелдікке жеткені белгілі. Олай болса,
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бұл құлшылығынан мына-
дай сырларды аңғарамыз:
1) Жанталасқан дүниенің күйбең тіршілігінен кейде
бөлініп, біраз уақыт жеке қалып, өз-өзін сұраққа тарту,
Аллаһтың сансыз нығметтерін ойлау, айналасындағы
жаратылыстарға қарап Оның құдіретін көрсететін
дәлелдердің тұңғиығына бату. Бұлар адамның иманын
арттырады, Аллаһқа деген сенімді молайтады.
2) Аллаһқа деген сүйіспеншілікті жүрегіне
орнықтыру. Бұл Аллаһ жолында қанша қиындық
болса да сабыр ету үшін күш-қуат көзі болып та-
былады. Адам біреуді сүйгендіктен, соның жолын-
да қиыншылықтардан ләззат алады, ұзақ жолдар
қысқа көрінеді, уақыт пен ақша құнсыз көрінеді. Сол
секілді, Аллаһты сүйген адам дін жолында, дінді та-
рату жолында көрген қиыншылықтарына төзе алады,
өзіне, отбасына келген қиыншылықтарға сабыр етеді.