

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
47
Бұл шың үшін біреулері ұзақ уақыт отырып дұға жа-
саса, енді бірі ұзағынан түнгі құлшылық жасаған, ал
кейбірі табиғаттың тылсымына зер салып, тәфәккүрге
салынған. Бұл мәселе тасаууф ілімінде кеңінен
қамтылған. Сондай-ақ Пайғамбарымыздың (с.а.с.)
үңгірде құлшылық қылуын Аллаһ қалаған, өйткені
Бұхариде келген хадисте «
Оған Хира үңгірінде қалу
сүйдірілді
...» – деп келген.
19. Хазірет Мұхаммед (с.а.с.) өзіне
пайғамбар жүгі артылатынын білген бе?
Пайғамбарлық келмей тұрып уахи туралы ештеңе
айтқан емес, өзіне елшілік міндеттелетінін білмеген.
Құранда
: «Бұл кітаптың саған түсетінін күтпеген
едің. Бұл – Раббыңнан келген бір мейірім»
43
деп
өзінің пайғамбар болатынын күтпегендігін және
бұл таңдауды тек Аллаһ тағала жасайтынын нақты
білдірген. Аллаһ қалағанын жаратады, қалағанын
таңдайды. Пайғамбарлық міндет Аллаһ тағаланың бар-
ша адамдарға және таңдаған елшісіне жасаған мейірімі
мен жақсылығы. Бұл мейірім тек қана Аллаһтың
таңдалған құлдарына беріледі. Ол кездері соңғы
пайғамбардың келетінін білген Исрайыл ұрпақтары мен
арабтардың арасында пайғамбарлықты қалағандары,
пайғамбарлықты Аллаһтан тілегендері көптеп кездесті.
Алайда пайғамбарлық адамның емес Аллаһтың
қалауында болғандықтан, бұл міндетті еш ойламаған,
күтпеген Мұхаммедке (с.а.с.) берді.
Пайғамбар болмай тұрып өз басынан, кейбір
байқалған жағдайлар да бар, бірақ Аллаһ елшісі (с.а.с.)
орын алған ерекше оқиғалардан әсерленіп, өзін бөлек
43
«Қасас», сүресі 86.