Previous Page  49 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 49 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

49

Расулаллаһ (с.а.с.) қорыққанынан қалшылдап

кетті де, үйін бетке алып тұра жүгірді. Ентіге басып

табалдырықтан аттай бере жұбайы Хадиша анамызға

(р.а.): «Үстіме бірдеңе жабыңдар», – деді. Үстін қымтап

жапқаннан соң қорқынышы сейілейін деді. Терең ойға

батып: «Өз-өзімнен үрейленемін», – дегенде Хади-

ша анамыз: «Қорықпа, Аллаһ сені жерге қаратпайды,

өйткені сен жақындарыңа көмектесіп, қиналғандарға

қол ұшын бересің, мұқтажды киіндіріп, қонақты қуана

қарсы аласың және мұңайғанға дос бола білесің», – деп

оның игі істерін айтып, жұбатқан еді

46

. Олай болса, бұл

оқиғаданПайғамбарымыз (с.а.с.) өзінің пайғамбар бола-

тынын білмегендігін мынадай ретпен тұжырымдаймыз:

Үңгірде уахи келген кездегі халі мен үңгірден

шыққаннан кейінгі үрейіне қарап өзіне уахи келетінін

білмегендігін және күтпегендігін байқаймыз. Егер

білген болса қорықпас еді және бұл жағдайды Хадиша

анамызға айтып үрейленбес еді.

Пайғамбарымыздың

(с.а.с.)

«Өз-өзімнен

үрейленемін» деуі оның бұған дейін уахи келетінін,

пайғамбар болатынын білмегендігін көрсетеді.

Хадиша анамыз Пайғамбарымыздың басы-

нан өткізген жағдайын ағасы Уарақа ибн Науфалға

жеткізген болатын. Сонда ол Хадиша анамызға: «Егер

айтқандарың рас болса, ант етемін, ол – Мұса мен Исаға

келген Намус әкбар (Жәбірейіл). Сөз жоқ, Мұхаммед

(с.а.с.) – осы үмбеттің нәбиі. Бар да осыны жеткіз. Өз-

өзіне берік болсын

47

», – деп айтады. Пайғамбарымыз

(с.а.с.) өзінің пайғамбар екендігін білсе, Хадиша

анамыздың немесе оның ағасы Уарақаның айтқанын

тыңдауды қажет етпейтін еді.

46

Бұхари, Бәдүл -уахи, 7.

47

Мауарди, Аламун-нубуа, 1/275.