Previous Page  48 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 48 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

48

сезініп, мен пайғамбар боламын деп айтпаған. Уахи

келмей тұрып Расулаллаһ (с.а.с.) шынайы түс көретін.

Түсінде көргендері өңінде орындалып, көз алдында

айна-қатесіз қайталанатын. Осындай тылсым сырға

44

толы оқиғалардан кейін оңаша қалып ғибадат етуге

деген құштарлығы арта түсті. Бірнеше күн қатарынан

Хира үңгірінде оңаша қалып үздіксіз құлшылық етті.

Бұл құлшылық жанына жағымды келді, рухының

қалауы екенін білді. Анда-санда үйіне келіп тамағын

алып, іле қайта кететін. Күн артынан күн өтіп мұнысы

әдетке айналды.

Бірде әдеттегідей үңгірде отырған еді. Кенеттен

періште пайда болып: «Оқы!» – деп бұйырды. «Мен оқи

алмаймын», – дейді Пайғамбарымыз (с.а.с.) үрейленіп.

Осы ұлы оқиға ары қарай: «Мені шап беріп, қапсыра

ұстап, жаным ауырғанша қысып барып қайта босатты

да, «Оқы!» – деді. «Оқи алмаймын», – дедім. Қайта

қысып тұрып, тағы да босатты. Сөйтіп тағы да «Оқы!»

– деп бұйырды. «Мен оқи алмаймын», – дедім. Үшінші

рет қысып барып босатты да:

«Жаратқан Раббыңның

атымен оқы. Ол адамды ұйыған қаннан жаратты.

Оқы, Раббың ең жомарт, адамға қаламмен жазу-

ды және білмегендерін үйретті»

45

деген Аллаһтың

сөздерін айтты. Жәбірейіл періште өзінің алғашқы

міндетін атқарғаннан кейін көзден ғайып болды. Нұр

тауынан ұзақтап бара жатқанда Пайғамбарымыз (с.а.с.)

тағы да ерекше бір күй кешті. Басын көтеріп көкке

қарағанда, Жәбірейілді көрді. Періште Аллаһтың

сәлемін жолдады.

44

Пайғамбарлықтан бұрын болған ерекше оқиғалар «ирхасат»

деп аталады.

45

«Алақ», 1-5.