

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
23
Түнде де кезектесіп малға қарауды әдетке айналдырған
едік.
Бір күні кешке жанымдағы жолдасыма: «Мен бүгін
қалаға барып, жастардың түнгі ертегі мәжілістеріне
қатысқым кеп тұрғаны», – деп малды тапсырып, Мек-
кеге келдім. Қалаға кіре берісте-ақ бір жерде ән айтып,
музыка ойналып жатқанын естідім. Сол күні қалада
үйлену тойы өтуде екен. Ыңғайлы жерге отырып алып,
тойды қызықтамақ болдым. Сол-ақ екен екі құлағым
тарс бітеліп, ұйықтап кетіппін. Таңертең күн шақшиып
түскенде ғана оянып, есімді жидым. Қойшы жолдасым
қайтып келгенімде менен не көргенімді сұрады. Мен
басымнан өткен жайды баяндап бердім. Ол да аң-таң.
Тағы бірде дәл осылай той қызықтамақ
болғанымда қайтадан алғашқыдағыдай түк сезбей
ұйықтап қалыппын. Осыдан кейін надандық дәуірдегі
думандарға қатыспақ түгіл, жолауға зауқым соқпады»
23
.
Аллаһ тағала осылайша Пайғамбарымызды (с.а.с.)
жаманшылықтан қорғаған.
Үмбетіне еңбек етіп, адал аспен азықтануда үлгі
болды. Аллаһ тағала Пайғамбарымызды (с.а.с.) қой
бағып бейнеттендірмей, рақат өмір сүргізсе де болар
еді. Алайда Аллаһтың хикметі өзінің жіберген елшісін
(с.а.с.) жастайынан бейнеттендіріп, адал еңбектің
және халқына, еліне қызмет етудің, өзінің туыстары-
на жәрдем берудің өте маңызды іс екендігін көрсетті.
Ал жатып ішер жалқаулық пен біреуге масыл болудың
дінімізде жағымсыз іс екендігін білдірген.
Бұл тұста Аллаһтың хикметі дінді жаюшы,
насихатшының біреуге тәуелді болмау керектігін
білдірді.Күнделіктікүнкөрісінөзітауып,біреудіңдүние-
мүлкіне көз сүзбей, Аллаһтың дінін түсіндіргенде ғана
23
Сүһәйли, Раудул-унф, 1\81