Previous Page  22 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 22 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

22

емшектес бауыр болып саналады. Тіпті кейбір риу-

аяттарда Хамзаны Халима да емізгендігі айтылады.

Олай болса, Хамза Пайғамбарымызбен (с.а.с.) екі ана

жағынан емшектес бауыр болып келеді

22

.

11. Қандай кәсіппен айналысқан?

Аллаһ елшісінің (с.а.с.) айтуынша, кісінің өз

еңбегімен тапқаны адал. Ешбір пайғамбар басқаның

қолына қарап масыл болмаған. Күллі пайғамбарлар

түрлі кәсіппен айналысып қана қоймай, сол істі бірінші

болып бастап, онысын елдің игілігіне ұсынған. Мы-

салы, хазірет Ыдырыс (а.с.) тігіншіліктің, хазірет Нұх

(а.с.) кеме жасаудың шебері. Хазірет Дәуіт (а.с.) ел ара-

сында темірден түйін түйген ұсталығымен танылып

күнін көрсе, хазірет Зәкария (а.с.) ағаштан ою ойған хас

шебер болған деседі. Сол секілді Аллаһ елшісі (с.а.с.)

бала кезінде қой бақты, ер жеткенде сауда жасады. Бір

хадисінде: «Мен Мекке халқының қойын бақтым», –

дейді.

Қой бағуының басты себептерінің бірі де Аллаһ

тағала болашақ Пайғамбарымызды уақытын босқа

өткізуден және кейбір жастардың ойын-сауықтарынан

сақтаған. Бұған дәлел Пайғамбарымыздың (с.а.с.) ба-

сынан өткен мына оқиға: Аллаһ елшісі (с.а.с.) былай

дейді: «Мен қараңғылық заманында сол кезге тән екі

іске құмарттым, бірақ Аллаһ тағала оны маған істетпей,

аман сақтады. Бұдан басқа кейін пайғамбарлық келгенге

дейін ешбір жаманшылыққа бет бұрған емеспін. Менің

істегім келген істің екеуі мынау: Бір құрайыш жігітімен

бірге Меккенің шет жағында қой (түйе) бағатынбыз.

22

Бұхари, Сахих 2/935. Бұхари, Сахих 5/1961.