

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
17
бұл ісін де бағалады. Тозақта оған бір жұтым су нәсіп
етті. Оның қайтыс болғанына бір жыл өткеннен кейін,
бауыры Аббас түсінде көріп: «Қалың қалай?» – деп
сұрайды. Сонда Әбу Ләһәб: «Әр күнім жан шыдатпас
азап, тек Суәйбаны азат еткенім үшін бір жұтым су алу
мүмкіндігім болды», – деп жауап қатқан екен
13
. Олай
болса, Аллаһтың қалауыменПайғамбарымыздың (с.а.с.)
дүниеге келуі бүкіл жанды, жансыз жаратылыстың
қуанышына, барша жамандық атаулының күйреуіне се-
беп болды.
7. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) есімін кім
қойған?
Мұхаммед (с.а.с.) дүниеге келмей тұрып-ақ есімі
мен сипаттары арқылы көзі ашық ғалымдарға таныс еді,
өйткені оның есімі рух әлемінен белгілі еді. Адам (а.с.)
соңғы пайғамбардың аты Мұхаммед (с.а.с.) екендігін
білетін. Хазірет Адам (а.с.) жаннатта Аллаһтың тый-
ым салған жемісінен жеп қойған соң артынша тәубе
етіп, Раббына жалбарынғанда: «Уа, Аллаһ тағалам,
мені Мұхаммед расулуллаһтың құрметіне кешіруіңді
өтінемін!» – деп жалбарынады. Сонда барлығын
білуші Хақ тағала: «Әлі жаратпасам да сен Мұхаммедті
қайдан білесің?» – деді. Сонда Аллаһқа деген құрметі
шексіз Адам ата: «Уа, Раббым, иәд-құдіретіңмен
14
мені
жаратқаныңда және пәк рухыңнан маған үрлегеніңде
басымды көтеріп, ғарыштың тіректерінде жазылған «лә
иләһә иллаллаһ, Мұхаммед расулуллаһ» деген жазуды
көрдім. Сен Өз атыңның жанына жаратылғандардың
13
Сахих Бұхари, 5/1961.
14
Йәд-құдірет – Аллаһ тағаланың «құдірет қолы», барлық
нәрсені уысында ұстап тұратын «құдірет қолы» деген
мағынаны білдіреді.