Previous Page  21 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 21 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

21

тұратын, кейінірек оны екіге қайырып қоятын болды.

Кең иықты, кеуделі келген. Қарны кеудесімен бірдей бо-

лып біткен. Алақаны мен табаны ірі болатын. Алақаны

жібектей жұмсақ еді. Семіз де емес, арық та емес. Орта

бойлы. Денесі тершең, бірақ үстінен хош иіс аңқып

тұратын. Екі жауырынының арасында түйеқұстың

жұмыртқасына ұқсас пайғамбарлық мөрі болатын.

Жүрісі түзу, теңселмейтін. Жылдам жүретін. Алға

сәл иіле жүретін. Бір жаққа қараса, тұтас денесімен

бұрылатын. Жан-жағына атүсті мойын бұра бермейтін.

Сахабалардың соңынан жүретін. Ол кісіден жыл-

дам жүретін адам жоқ еді. Әрқашан жүзі күлімсіреп

тұратын.

10. Бауырлары болған ба?

Емшектес бауырларынан басқа өзінің туған бауыр-

лары болмаған, өйткені Пайғамбарымыздан кейін ана-

сы Әмина құрсақ көтермеген.

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сүт анасының аты

– Халима. Халиманың күйеуі – Харис ибн Абдулуз-

за. Ол Меккеге келіп мұсылмандықты қабылдаған.

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) емшектес бауырлары

төртеу болатын. Абдулла мен Хұзайфа және Әниса мен

Шәйма. Абдулла мен Шәйманың мұсылман болғаны

тарихтан белгілі, ал қалған екеуі туралы мәлімет жоқ.

Сонымен қатар, Хамза (р.а.) да Пайғамбарымызбен

емшектес бауыр болып келеді. Пайғамбарымыз (с.а.с.)

туылған кезде Әбу Ләһәб қуаныштан оның сүйіншісін

айтып келген Суәйба атты күңді азат еткен болатын.

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бір апталық кезінде осы

Суәйба емізген болатын. Ол Пайғамбарымызды (с.а.с.)

емізбей тұрып Абдулмутталибтің баласы Хамзаны да

емізген. Осы тұрғыдан Хамза мен Аллаһ елшісі (с.а.с.)