

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
16
дүниеге келді. Оның екі жауырынының ортасында бетін
түк басқан пайғамбарлық мөрі бар», – деп ғажайып
құбылысты баяндап берді.
Хасан ибн Сәбит: «Әлі есімде, жеті-сегіз жастағы
ойын баласы едім. Мәдина қаласында Аллаһ елшісі ту-
ылардан бір күн бұрын яһудилердің алқалы жиынында
мына бір әңгімені құлағым шалып қалды: «Бүгін түнде
дүниеге келетін Ахмедтің жұлдызы туды».
Ол туылатын түні Кисраның сарайы астан-кестен
сілкініп, он төрт бөлменің қабырғасы сөгіле қираған.
Мәжусилердің табынатын мың жыл бойы жанып
тұрған оттары бәрі бірдей бір мезетте сөнген. Бұл
құбылыстардың барлығы әлемнің соңғы пайғамбары,
Аллаһтың сүйікті елшісі Мұхаммед Мұстафаға (с.а.с.)
«Қош келдің!» – деп өз тілімен жар салғандай болды.
Кейбір тарихшылар бұл оқиғаларды былайша
жорыған: «Қирағаны Кисраның сарайы емес, Иранның
сән-салтанаты мен Византияның үстемдігі, айдаһар елі
атанған Қытайдың көкке мойын созған мұнаралары.
Сөнген от – мәжусилердің ғибадатханаларындағы
от емес, бүкіл әлемдегі күпірлік пен дінсіздіктің
оты. Тартылып қалған көл – Сауа көлі емес, пұтқа
табынушылықтың адасушылығы, зороастризмнің
қуатымен христиандықтың өктемдігі». Пайғамбарымыз
(с.а.с.) 23 жылдың ішінде дүниенің шығысы мен ба-
тысына Ислам дінін жайып, пұттар мен бұрмаланған
діндердің барлығы шетке ығысты.
Пайғамбарымыз туылғанда, Әбу Ләһәб қуанып,
сүйінші сұрай келген күңі Суәйбаны азат еткен. Алайда
Әбу Ләһәб Пайғамбарымыздың (с.а.с.) Ислам дінімен
келетінін ол кезде білмеген еді. Аллаһтың сүйікті
елшісі (с.а.с.) үшін түйірдей жақсылық істегенді сау-
апсыз қалдырмаған Ұлы Жаратушымыз Әбу Ләһәбтің