

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
15
шешесі фәтрат дәуірінде өмір сүргендіктен діннің
міндеттері жайлы сұраққа тартылмайды.
6. Пайғамбарымыз (с.а.с.) туылған кезде
қандай ерекше оқиғалар орын алған?
Абдулланың артында қалған жалғыз қарасы,
Әминаның көрген жарығы, Қағбаның сұлтаны, жер
жүзінің имамы, қос дүниенің мырзасы Мұхаммед
пайғамбарымыз (с.а.с.) 571 жылы 20 сәуір күні дүние
есігін ашқан. Бұл күннің тарихтағы орны ерекше.
Соңғы елшінің дүниеге келуі бүкіл ғалам
деңгейіндегі айтулы оқиға болғандықтан, туылу
қарсаңында бірқатар ерекше оқиғалар орын алған.
Негізі бұрынғы пайғамбарлардың кезінде Мұса
(а.с.) мен Исаға (а.с.) түскен кітаптарда Мұхаммед
Мұстафаның (с.а.с.) бойынан табылатын көптеген
белгілер мен қасиеттері айтылған. Оның әлемге нұр
шаша келуі алдын-ала сүйіншіленген, сондықтан бүкіл
ғаламды бей-жай қалдырмайтын мұндай сәтте ерекше
жайттардың орын алуы заңды. Тарих кітаптарында мы-
надай оқиғалар туралы айтылған.
Кезінде тәухидтің бастауы, кейін пұтханаға
айналған Қағба ішіндегі пұт атаулы сәби дүние есігін
ашқан күні жермен-жексен қираған. Кімнің жасағанын
ешкім білмеді.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) дүниеге келер сәтте көктен
ғажайып нұрдың шұғыласы түсіп, Шам қаласының са-
райларын жарыққа бөлеген. Меккеде саудамен айна-
лысатын бір яһуди бар еді. Ақырғы елші туылған түні
Құрайыштарға барып: «Уа, Құрайыш қауымы! Бүгін
түнде араларыңда сәби дүниеге келмеді ме?» – деп
сұрайды. Отырғандар: «Білмейміз», – дейді. Сонда
әлгі кісі: «Бүгін түнде адамзаттың соңғы пайғамбары