Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
10
мойындамау тек пендеге ғана тән емес. Дәл осын-
дай қарсылықты Адам атамыз (а.с.) жаратылған кезде
Ібіліс малғұнның істегені де белгілі. Адамның (а.с.)
топырақтан жаратылған болмысын өзінен төмен санап,
Аллаһтың әміріне қарсы келген болатын, сондықтан
мәңгілік қарғысқа ұшырап, тозаққа лайықты болды.
Олай болса, бұл малғұн шайтан да адам баласына өзінің
ойын салып, адастыруы өте оңай.
3. Пайғамбарымыздың «Мен – Ибраһимнің
дұғасымын» дегенін қалай түсінеміз?
Ибраһим пайғамбар бір кездері әйелі Ажарды
құндақтағы сәбиімен бірге Қағбаның төңірегіне, су-
сыз шөлді мекенге Аллаһтың әмірімен тастап кеткен
болатын. Исмайылдың құрметіне ол жерде зәмзәм
суы шығып, ел болып Ибраһим пайғамбардың ұрпағы
көбейеді. Күндердің күнінде Ибраһим пайғамбар бала-
сымен ақылдасып, қасиетті Қағбаны қайта тұрғызбақ
болады. Қағба қайта тұрғызуды қажет ететіндей мүжіліп
кеткен болатын. Қағбаны қайта тұрғызуға білек сыба-
на кіріскен Ибраһим пайғамбар бір жағынан Аллаһтан
жалбарына дұға тілеп жүрді, өйткені мұндай қасиетті
жерде дұғаның қабыл болатынын жақсы білетін.
Жаратушыға:
ُرَبّنَا وَابْعَثْ فِيهِمْ رَسُولاً مِّنْهُمْ يَتْلُو عَلَيْهِمْ آيَاتِكَ وَيُعَلِّمُهُمُ الْكِتَابَ
وَالْحِكْمَةَ وَيُزَكِّيهِمْ إِنّكَ أَنتَ العَزِيزُ الحَكِيم
«
Раббымыз! Бұл әулеттен өздеріне аяттарыңды
оқитын, кітап пен хикметті (сүннетті) үйрететін һәм
оларды (жаман ойлардан) тазартатын елші жібер.
Сен үстемсің әрі Хикмет иесісің
»
9
деп дұға еткен бола-
9
«Бақара» сүресі, 129.