Previous Page  5 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 5 / 276 Next Page
Page Background

1. Пайғамбарлардың жіберілу сыры неде?

Пайғамбарлардың жіберілуінің басты міндеті –

өз халқын Аллаһтың бар және бір екеніне иман етуге

шақыру.

Ұлы Жаратушымыз құмырсқаны да, бал ара-

сын да басшысыз қалдырмағаны секілді адамзат бала-

сын да қараусыз қалдырмай, иманға шақыру үшін әркез

пайғамбарлар жіберіп отырған. Жоқтан бар етіп, сан

түрлі нығметке бөлеп, көркем бейнеде жаратқан Хақ

тағала адамды басқа тіршілік иелерінен қадірін артық

қылды, бірақ кейде пенде осыншама нығметтің шүкірін

білмей, Ұлы Жаратушысын танымай, өмір сүрлеуінен

жаңылып, өз бетінше тура жолды таба алмай қиналады.

Әрине, Аллаһ тағаланы әркім өз бетінше тани алмай-

тынына тарих куә. Мысалы, екі пайғамбар арасындағы

дәуірдің өзінде адамдар неше түрлі нәрселерге та-

бынып, тіпті табиғат құбылыстары мен жұлдыздарға

құлшылық қылуға дейін барған. Біреулер бұл құдіретті

«табиғат» деп қабылдаса, кейбірі қолдан жасалған

пұттарды құдай көрді. «Неге пұтқа табынасыңдар?» –

деген сұраққа «Бізді Жаратушыға жақындата түссін деп

ғибадат етеміз», – деп жауап беретін. Ой-өрісі пұтқа

табынуға ғана жететін жалпақ жұртты дұрыс жолға

бастап, иманға шақыру жауапкершілігі ақырғы елшіге

жүктелді. Міне, сондықтан Аллаһ тағала мейірімімен

өзінің елшісі Мұхаммед Мұстафаны (с.а.с.) жіберді.

Пайғамбарлардың жіберілуінің екінші бір хикметі

– шариғатты толық түсіндіру.

Аллаһ тағала адамды тек ақылдың ғана жетегінде

ұстамаған, өйткені жақсылық пенжамандық ұғымдарын

әрбір ақыл иесі әрқалай түсінуі кәдік. Бұның бір мыса-

лы, пәлсапашылардың бақыт пен бақытсыздық, ләззат