Previous Page  6 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 6 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

6

пен мазасыздық, жақсылық пен жамандық турасында

түрлі көзқараста болуында. Ақ пен қараны ажыратуға

қабілетті болғанмен, ақыл өмір бойы бір қалыпта тұра

бермейді, өйткені адамныңжеткіншеккездегі ақылымен

жастық шағындағысы, қартайған кездегісі бір-біріне

ұқсамайды. Тіпті кейде ақылдың біле тұра жамандыққа

қызмет ететіні де аракідіккездеседі. Сол себепті мейірімі

шексіз Аллаһ тағала адамдарға пайғамбар жіберіп, ақ

пен қараны ажырататын шариғатты түсірді. Егер Аллаһ

елшісі шариғатымызды түсіндірмегенде, онда біз на-

маз, ораза, зекет, қажылық сияқты құлшылықтың мән-

мазмұнын ұғынбай, арақ ішу, зина жасау, ғайбат айту

мен кісі ақысын жеудің күнә екенін білмес едік. Алай-

да адамның жаратылыс мақсаты – Аллаһқа құлшылық

ету. Құран аятында

«Жын мен адамды тек Өзіме

құлшылық етсін деп жараттым»

1

деп ашық айтыла-

ды. Сол себепті пайғамбарлардың міндеті – ғибадат пен

шариғатты үйрету.

Елшілердің жіберілу хикметі – қоғамға үлгі болу.

Тек дін тұрғысынан ғана емес, дүниелік іс-әрекет

жақтан да өнеге көрсету. Олар рухы биік, ерік-жігері

қуатты, жаратылысынан таза болып келеді. Қасиетті

Құран хазірет Мұхаммедке (с.а.с.) бұрынғы елшілердің

жолымен жүруді әмір ете отырып, бұл жолдың бүкіл

адамзат үшін үлгі екендігіне назар аудартады

2

. Қай

жағынан алып қарасақ та кез келген расулдыңжеке өмірі

шынайы көркем мінез бен ізгілікке толы. Адамзаттың

бейғам тіршілік кешіп, рухани азғындыққа салынуын

қаламаған пайғамбарлар Ұлы Құдіретті танытамын деп

кісі төзгісіз қиындықтарды бастан өткерген. Өмірінде

бір сәтке де дүниені мұрат етпеген. Жеке бас мүддені

1

«Зәрият» сүресі, 56.

2

«Әнғам» сүресі, 90.