Previous Page  9 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 9 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

9

тын еді, бірақ Жаратқанға сенбейтіндер сол кезде «

Біз

періштенің істегенін істей алмаймыз

», – деп сылтау

айтары анық, сондықтан өздері сияқты мұқтаждығы

бар адам баласын таңдады. Жаратушының бұл ісіндегі

хикмет: өз ортасынан таңдалған пайғамбар оларды

толықтай танып, қауыммен бірге тұрып, бірге жүріп,

қиыншылықты да, қуанышты да бөлісе отырып, адами

шыңды бірге бағындыру. Пайғамбарды өздеріне үлгі

етіп соған қарап бой түзеуі, Аллаһ тағаланың әмір ет-

кен парыздарын елшілер түсінікті тілде жеткізуі, адам-

дар олардың адами өмірін көріп, соны үлгі тұтуы еді,

сондықтан пайғамбардың періштеден емес қарапайым

адамдардың бірі болып дүние есігін ашып, жоғары

шыңға өрлеуі өте маңызды. Құранда:

«Расында,

Аллаһқа және ақирет күніне үміт еткендер мен көп

еске алған кісілер үшін Аллаһтың елшісінде көркем

өнегелер бар»

7

деп үлгі-өнегені пайғамбардан алуды

бұйырды. Егер періште болғанда оны үлгі ету болмысы

бөтен жаратылысты үлгі еткендей болар еді, сондықтан

болса керек Құранда пайғамбарлардың адам екендігіне

тоқталған. Пайғамбарымыз (с.а.с.) ْ

إِن نّحْنُ إِلاّ بَشَرٌ مِّثْلُكُم

«Шындығында, біз де сендер секілді адамбыз»

8

деп, өзінің қанша күнәдан пәк болса да адам баласы

екендігін айтып, халықты өзіне жақын тартқан.

Кезінде нәбиден қалыптан тыс құдірет күтіп, өздері

сияқты адамзат екенін қабылдағысы келмей, тіпті

құдайға теңегендері шыққан. Ал енді біреулері жай

адам есебінде қабылдап, күнә істейтіндіктерін алға тар-

тып, дәрежелерін төмендетуге тырысқан.

Сыртқы келбетіне қарап кісінің тылсым әлемдермен

байланыс құру қабілетін, басқа да ерекше қасиеттерін

7

«Ахзаб» сүресі, 21.

8

«Ибраһим» сүресі,11; «Һуд» сүресі, 31.