Previous Page  7 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 7 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

7

олар атымен ұмытқан. Құрандағы

«Олардың бәрі ізгі

жандар еді»

3

деген аят бүкіл елшілер туралы ашық

білдіреді. Демек, бұл құтты елшілердің барша адам-

зат үшін ең көркем үлгі, адастырмас жетекші екенінде

ешқандай күмән жоқ. Пенденің міндеті соларға

мойынсұнып, сілтеген бағытқа бет түзеу ғана.

Пайғамбарлардың тағы бір ерекшелігі – дүние мен

ақиретті қатар алып жүру

. Осы арқылы адам баласы

асыра сілтеуден тыйылып, орта жолды табады. Дүниені

жанға жақын тұту да, тіршіліктен біржола алыстау да

Пайғамбарымыздың жолына жат. Дүниені шектен тыс

жақсы көру күнәға апарар төте жол екені бесенеден

белгілі. Ал ақирет өміріне келгенде көбіне-көп діннің

негізіне қиял араластырып, хадиске пікірін қосып ой

қорытқандар бой көрсетіп отырған.

Ақиретке деген сенім кенжелеп қалған бүгінгі

қоғамда бақыт пен тыныштықтың орнауы оңай емес

екеніне көзіміз жетіп отыр. Тіпті бала екеш баланың

өзі өлім атты үрейлі ұғымнан жұмақ туралы ақиқат

арқылы арыла алады. Ал төрінен көрі жақын қариялар

ақиретке иман етумен күні ертең кіретін қабірінен

мәңгілікке жоғалуды емес, жұмаққа ашылған есікті

көреді. Жалындаған жастар да бойында тасыған

сезімдері мен алапат құмарлықтарын жұмақ пен тозақ

ұғымдары арқылы тежейді. Демек, шынайы бақытты

қоғам қалыптастыру адами болмыспен үйлесе білетін,

иләһи қағидалар орнатқан пайғамбарлардың ғана

қолынан келмек.

Елшілердің жіберілу хикметтерінің тағы бірі –

ұлы сот күнінде амалдарымыз таразыға тартылып,

есеп берілер шағында «Бізге ескертуші келмеді»,

– деп сылтау айтпау үшін. Бұл Құранда былай

3

«Әнғам» сүресі, 85.