Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
8
түсіндіріледі:
«Сүйіншілеуші әрі ескертуші ретінде
пайғамбарларды жібердік, енді адамдардың
Аллаһқа қарсы айтар сылтауы жоқ. Аллаһ – Ғазиз
әрі Хаким»
4
.
«Қиямет күні әр үмбетке бір куәгер әкеліп, сені
де куәлік етуге шақырғанда, олардың халі не болмақ?
Пайғамбарға қарсы шыққандар сол шақта жермен-
жексен жоғалып кетуді қалайды. Ешқандай сөздерін
Аллаһтан жасыра алмайды»
5
деген аятта айтылғандай,
Аллаһ тағала барша адамзатты жинап, өз үмбетіне на-
сихат жасағанын айтқызып әр елшіні куәгер етеді.
Хазірет Мұхаммед (с.а.с.) дәріптеген бұл
құндылықтарға сол заманның адамдары ғана мұқтаж
еместігін білген жөн. Исламның жауһар жүйесі өткен
мен бүгіннің және келешектің адамдарына да ауа-
дай қажет. Бұл өтпелі ғана қажеттілік емес, барша
адамзаттың мәңгілік қажеттілігі. Өркениет пен ғылым,
байлықпенкүш, саясибилікпенәлеуметтік ахуалқандай
күйде болса да адамдар ең алдымен иман мен ғибадатқа
зәру. Ал егер осы ең негізгі қажеттіліктерін өтемей
құлқынына құлдық ұрып, құлшылыққа құлықсыздық
танытса, күні ертең өкініштен өзегі өртеніп, бармақ
тістеп қала беретінін ескерген жөн.
2. Пайғамбарлар неге періштелерден
таңдалмаған?
Расулміндетін кімге беру керектігінҰлыРахманның
өзі ғана белгілейді. Бұл жайында Құранда:
«Аллаһ
пайғамбарлықты кімге беретінін өте жақсы біледі»
6
деген. Қаласа елші ретінде періштелерді де жібере ала-
4
«Ниса» сүресі, 165.
5
«Ниса» сүресі, 41-42; «Нахл» сүресі, 89.
6
«Әнғам» сүресі,124.