Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
4
Пайғамбарымыз(с.а.с.)жайлыелдіңбілгенібіртоғыз
болса, білмегені тоқсан тоғыз деуге болады. Еңбекте
хазірет Мұхаммедтің (с.а.с.) пайғамбарлығының
дәлелі, көрсеткен мұғжизалары, болмыс-бітімі, отбасы
мүшелері, ол кісіге қатысты түскен Құран аяттары мен
заманында орын алған кейбір оқиғалар төңірегіндегі
елдің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап жазылған.
Мұсылманның иман еткеннен кейінгі маңызды қадамы
өз бойына сүннетпен қатар Ислам ахлағын сіңіру. Бұл,
әрине, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) болмысын бүге-
шігесіне дейін танығанда ғана мүмкін болмақ.
Жауаптардың барлығы түрлі сира кітаптарына
сүйеніп, аяттар мен хадистерден алынған дәлелдермен
дәйектеліп, тұжырымды ойлармен түйінделген.
Үмбетке, яғни, бізге артылар міндет – соңғы елшіге
иман ету, сондай-ақ өсиетке берік болу. Оны жаны-
мыздан артық жақсы көрумен қатар, Аллаһ елшісінің
бойындағы адами қасиеттерді қанға сіңіру, ұлық есімін
дәріптеу.
Бұл еңбекте расулаллаһқа (с.а.с.) қатысты
көкейтесті сауалдарға, сондай-ақ кейбіреулердің біле
тұра қасақана қойған сұрақтарына тұшымды жауап-
тар берілген. «Күндердің күнінде есімім шығыс пен
батысқа түгелдей танылады» деген хадисін жетекке
алып, қолдарыңыздағы кітап дініміз Исламның дамуы-
на аз да болса үлес қосып, аталмыш хадистің үдесінен
шығуды мақсат етеді.
Аллаһ тағала баршамызды Құранның тура жолына
салып, бойымызға хақ елшісінің көркем ахлағын нәсіп
етсін! Әмин!
Баспадан