Previous Page  11 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 11 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

11

тын. Бұл дұғасының қабыл болуының көрінісі жүздеген

жылдардан кейін Мұхаммедтің (с.а.с.) пайғамбар бо-

лып дүниеге келуі еді, өйткені Ибраһим пайғамбардың

баласы Исмайылдың ұрпағынан тек Мұхаммед (с.а.с.)

пайғамбардан басқа пайғамбар келген емес. Дұғаның

іске асуы үшін кейде бірнеше жылдарды қажет етуі

мүмкін. Ибраһим Пайғамбарымыздың тілеген елшісі

жүздеген жылдардан кейін келді. Ол – біздің Мұхаммед

пайғамбарымыз (с.а.с.). Осыған байланысты бір күні

сахабалардың бірі Аллаһ елшісінен: «Бізге өзіңіз жай-

лы айтып берсеңіз», – деп өтінеді. Сонда Аллаһ елшісі

(с.а.с.):

«Мен

Ибраһимнің

дұғасы, хазірет Исаның

сүйіншісімін»

, – деген

10

.

Шынайы тіленген дұға қашан да қабыл болаты-

ны белгілі. Кейде асығыстық жасап, дұға жасадық,

дұғамыз қабыл болмады деп, тілеген дұғамыздың

дереу бола салғанын қалаймыз. Алайда Ибраһим

пайғамбардың дұға тілегенінен кейін ғасырлар өтіп,

бірнеше ұрпағынан кейін пайғамбарымыз Мұхаммед

(с.а.с.) дүниеге келді.

Мұсылман үмбеті хазірет Ибраһимге (а.с.) алғысын

білдіріп, әрбір намазының соңында Ибраһимге, оның

ұрпағына береке тілеп, салауат айтады.

4. Аллаһ елшісінің әкесі Абдулла не

себепті құрбандыққа шалынбақ еді?

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) атасы Абдулмутталиб

ертеректе «Он ұлым болып, ер жеткенін көрсем, бірін

құрбандыққа шалам», – деп уәде берген. Мүмкін, бұл

әдет Ибраһим пайғамбардан (а.с.) қалған дәстүрдің

шала жеткен бір тозығы болар, өйткені ол да еркек

10

әл-Һинди, Кәнзул-Уммал, 11/384.