

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
94
Аллаһқа деген сүйіспеншілігін құлшылығын арт-
тыру арқылы білдіріп, үмбетіне үлгі болған. Нәпіл
намазында рукуғқа барғанын көргендер «Ойпырым-
ай, сәждеге баруды ұмытпады ма екен?» – дейтіндей
ұзақ уақыт рукуғта тұрып, сосын сәждеде де сондай
ұзақ тұратын. Хадистердің тағы бірінде Жәбірейілдің
(а.с.) оған: «Саған намазға деген құштарлық берілді.
Одан қалағаныңша нәсібіңді ал»
109
– дегенінен
Пайғамбарымыздың намазға деген құштарлығы, Аллаһ
тағаланың берген сыйы екенін аңғарамыз.
Хузайфа Пайғамбарымызбен (с.а.с.) бірге қалай
намаз оқығанын, Пайғамбарымыздың намазға деген
ықыласын былайша жеткізеді: «Бір түні байқатпастан
келіп Пайғамбарымыздың артына намазға тұрдым.
Аллаһ елшісі «Фатиха» сүресінен кейін «Бақара»
сүресін оқи бастады. Мен ішімнен «Бақара» сүресінің
жүзінші аятында рукуғқа баратын шығар деп ойладым.
Алайда менің ойлағанымдай болмады. Пайғамбарымыз
«Бақара» сүресін бітіріп («Бақара» сүресі 286 аяттан
тұрады), әрі қарай «Ниса» сүресін оқыды. («Ниса»
сүресі 176 аяттан тұрады) «Ниса» сүресін тамамдаған
соң, «Әли Имран» сүресіне өтті («Әли Имран» сүресі
200 аяттан тұрады). Салмақты, бір әуезбен мағыналы
қалыпта оқи берді, оқи берді...Тасбих аяттарын
оқығанда «субханаллаһ» дейді, дұға аяттарын оқыған
сәтте дұға қылады. Жалбарынатын аятты оқыған кезде
Аллаһқа жалбарынады. «Әли Имран» сүресінен кейін
рукуғқа барып «субхана раббиәл-азим» деді. Рукуғы да
қиямына ұқсас. Рукуғтан кейін тік тұрып, «Самиаллаһу
лиман хамидаһ» деді. Тік тұрғандағы уақыты да
рукуғдағы уақыты секілді еді. Осыдан кейін сәждеге
барып: «Субхана раббиәл-ағла» деді. Сәжделері де ұзақ
109
әл-Бидая 6 т. 58 б.