Previous Page  95 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 95 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

95

еді

110

. Әрине, бұл жеке оқыған намазы. Мұнша беріле

намаз оқып жүріп еш уақытта намаздан шаршағанын

білдірген емес.

Хазірет Айша анамыз Пайғамбарымыздың оқыған

намазын сөзбен жеткізе алмай: «Оның қиямда тұруын

сен сұрамай-ақ қой, мен айтпайын!» – деп таңғалысын

білдіретін. Аллаһ елшісінің (с.а.с.) рукуғта, сәждеде,

қиямда ұзақ тұрғанын осылай айтқан

111

. Тіпті Айша

(р.анһа) анамыз Пайғамбарымыздың (с.а.с.) намазды

өте ықыласпен, жылап та, жалбарынып та оқығанын

тілге тиек етіп: «Аллаһ елшісі Біләлдің азан шақырған

даусынан оянатын. Дәрет алып, мешітке барар жолда

шашы мен жүзінен су тамшылап тұратын. Имамдыққа

тұрып, намаз оқытқанда көбінесе жылап тұрғанын

еститін едім...» – деген.

Мутаррифтің әкесі риуаят еткен хадисте:

«Пайғамбарымыздың намаз оқығанын көрдім. Намаз-

да жылағаны соншалықты – тасты диірменге салып

үгіткендей көкірегінен ауыр бір дыбыс естіліп тұрды»

112

– деп жалбарына намаз оқитынын айтқан.

Пайғамбарымыз намаз бастағанда жанындағы

сахабалар оның көкірегінен қайнаған қазанның

даусындай бұрқылдаған дыбыс еститінін айтқан

113

.

Бұл да оның (с.а.с.) жүректен, бар ынтасымен намаз

оқитындығының белгісі.

Умәйрұлы Үбәйд Айша анамыздан: «Аллаһ

елшісінің ең таң қалдыратын ісін айтыңызшы?» – деп

өтінгенде: «Оның қайсы ісі таң қалдырмады десеңші?!»

– дейді де: «Бір түні бөлмеме кірді де, төсегімежайғасты.

110

Юсуф Кандаһлауи, 1435 б.

111

Бұхари, Таһажжуд, 16; Мүслим, Мусафирин, 125.

112

Хафи әл -Мунзири, Тарғиб уа тархиб 1/500.

113

Қади Яаз, Китабу -Шифа би хуқуқи мұстафа 112 б.