

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
101
қонымсыз. Оның үстіне бұл қасиетті кітап түспей
тұрып, Расулаллаһтың (с.а.с.) ешкімнен сабақ алмағаны
айдан анық. «Мұхаммед Құранды біреуден үйренді»
деген күмәннің ерте ме, кеш пе айтылатынын білген
Аллаһ тағала сүйікті Елшісін (с.а.с.) Ұлы баянында
«үмми» деп анық айтқан. Егер Құранды әлдебір жер-
ден көшіріп алса, меккеліктер онымен соғысып жатпай,
өздерінше тағы бір «Құран» жасап алмас па еді. Құранға
тең келер сөз айта алмай, ақиқаттың өздеріне жақ емес
екенін білгеннен кейін амалдары таусылып қару ала
жүгірген жоқ па?! Жиырма үш жыл бойы мұсылмандар
ел-елді өздеріне қаратып жатқанда мүшріктер Ислам-
ды қаралайтын ештеңе таба алмай, жала жабу мен ай-
дап салудан әрі аса алмады. Білек түріп қанша жерден
тыраштанса да, көп ұзамай істерінің бос әурешілік
екенін түсініп, мойындауға мәжбүр болып жатты. Де-
мек, Пайғамбарымыз Құранды басқа емес, Аллаһтан
жеткізген Жәбірейіл періштенің (а.с.) өзінен үйренгені
сөзсіз.
Аллаһ расулы (с.а.с.) яһудилерден де, христиандар-
дан да бірде-бір мәлімет үйренген емес. Ешқайсынан
ілімалып, ешқандай дін өкілінен тәрбие көрмеген. Олар-
дан барып ештеңе сұрамаған, керісінше, кітап иелері
Пайғамбарымыз (с.а.с.) туралы кеңірек сұрастыратын.
Меккедегі Уарақа ибн Нәуфалдың айтқандары, Шамға
жол жүріп бара жатқанда кездескен адамдардың әңгіме
еткендері де осының айғағы. Осы сынды бір-екі кезде-
сумен мәңгілік мұғжиза Құранды жазып шығу мүмкін
бе?
Тағы бір маңызды дәлел: Құранда христиандықты
да, яһудилікті де, шіркті де сөгетін бірнеше аяттар бар.
Кітап иелерінің жасаған бұрмалауларын соқырға таяқ
ұстатқандай етіп ашып көрсетеді. Егер Пайғамбарымыз