Previous Page  107 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 107 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

107

адамның ерік-күшін елеусіз қалдырмау үшін Аллаһ

тағала исра және миғражға қатысты аяттарда тек қана

кәміл бір иманмен қарай алатындар ғана түсінетіндей

бір тәсілмен мәселені тілге тиек еткен. Сонымен қатар,

бұл мәселеге ақыл тұрғысынан қарап, түсіне алмай дал

болатындар үшін мейірімділік танытып, бұл мәселені

ұғынуды белгілі бір дәрежеде әркімнің өз ықтиярына

қалдырған. Әйтпесе, аят «сарих», яғни анық айтылған

болса мұндай аятты теріске шығарған адам күмәнсіз

мұндай мейірімнен мақұрым қалып, осы арқылы

құрдымға кетуі де ғажап емес-тін.

3. Тақырыпқа қатысты аятта

«адамдарға фитнә

(сынақ) болуы үшін...»

деген сөз бар. Материалдық

әлемнің ар жағында рухани әлем бар екенін

Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұрыннан айтып жүретін.

Мүшріктер үшін бұл үйреншікті нәрсе еді. Онсыз

да түстерінде мүмкін емес небір нәрселерді көре

алады. Сол түсті екінші біреуге айтқанда, анау түк

болмағандай тыңдап тұра бермей ме? Ал аталмыш аят-

та «

адамдарға сынақ болу үшін

» делінген. Демек,

Аллаһ құлдарын осы жолы жаңа бір сынақпен сынаған.

Көкке дене мен рух көтерілді дегенді естіген мүшріктер

бірден даурығып, мұның мүмкін емес екенін айтып шу-

лап қоя берген. Егер оқиға рух пен денеге де қатысты

болмағанда, мүшріктер Пайғамбарымызға (с.а.с.) қарсы

шығып жатпас та еді.

4. Исра-Миғраж оқиғасында дене мен рухтың бірге

көтерілгенін айтқан хазірет Әбу Бәкір (р.а.), хазірет

Омар (р.а.), хазірет Осман (р.а.), хазірет Али (р.а.) сын-

ды саңлақ сахабалар мен үмбеттің пікірі бір арнада

тоғысқан.

5. Осы оқиғадан кейін Үммі Ханидың да, тіпті

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) өзі де толқығаны анық.