

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
112
дінді ұстануды толығымен мойнына алған, одан әрі
жеткізуге бел буған сахабалар дайын болғаннан кейін
Аллаһ елшісі (с.а.с.) дүние салды. Аллаһтың белгілеген:
كُلّ نَفْسٍ ذَائِقَةُ الْمَوْتِ
«Барлық тірі жан өлімнің дәмін тата-
ды...» деген заңдылығы бойынша 63 жасында қайтты.
Тіпті Пайғамбарымыздың (с.а.с.) науқастанып, екі
адамның ыстығындай ыстығы көтеріліп, басы ауы-
руы, өлім Аллаһтың өзгермейтін қағидасы екендігін
ұқтырады.
Расулаллаһ (с.а.с.) өзінің өмірдегі пайғамбарлық
міндетініңаяқталғанынбілді.Міндетініңорындалғанын,
ақиретке кететінін білгендіктен қоштасу қажылығында:
لعلي لا ألقاكم في موضعي هذا بعد عامي هذا
: «
Келер жылы сен-
дермен қайта жолыға алмайтын шығармын
», – деп
хабар берген болатын. Сондай-ақ Пайғамбарымызға
(с.а.с.) өлім күтпеген уақытта емес, өз таңдауымен кел-
ген. Өлім мен өмірді таңдау келгенде Пайғамбарымыз
(с.а.с.) Аллаһтың құзырын таңдағандығы жайлы бы-
лай дейді: «Аллаһ тағала бір құлына дүниенің рақаты
мен өзінің иелігіндегіні таңдауға еркіндік берді. Құлы
оның иелігіндегі нығметті таңдады», – деп Аллаһпен
қауышуды таңдағандығын айтқан. Олай болса, Аллаһ
елшісі (с.а.с.) күтпеген жағдайда дүние салған жоқ.
Оның (с.а.с.) қайтыс болуы Аллаһтың қалауымен болды
және қарапайым адамдар секілді дүние салды. Дүние
саларында Хайбар соғысынан кейінгі уланған етті ау-
зына салғандықтан ыстығы көтеріліп, басы ауырған
болуы мүмкін. Алайда Пайғамбарымыз (с.а.с.) дінді
толық жеткізіп біткенше бұл у еш әсерін тигізе алмады.
Бұл улы етті аузына салғаннан кейін де Аллаһ елшісі
(с.а.с.) әскерлерге басшылық етіп үлкен соғыстарға
қатысты, жауластарымен келіссөз жүргізді, өкілдерді
қабылдады, осылайша қарапайым дені сау адамның