

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
108
6. Егер рухпен қатар дене де Миғраж түнінде көкке
көтерілмегенде, бұл пайғамбар мұғжизасы болмас еді.
7. «
Мұхаммедтің көзі оңы мен солына таймады.
Жеңіл-желпі де қарамады. Ол, шынында, Раббының
ұлы белгілерін көрді
»
124
. Бұл жерден де Миғражда
дене мен рухтың бірге шыққанын байқаймыз, өйткені
аяттағы «көзі оңы мен солына қарамады» деген сөз
Расулаллаһтың (с.а.с.) денесімен көтерілгенін білдіреді.
8. Хазірет Пайғамбарымыздың (с.а.с.) Ақса
мешітінде көпшілік пайғамбарларға намаз оқытқаны да
оның миғражға денесімен шыққандығына айқын дәлел.
43. Миғражда тозақтағы күнәһарлардың
жазалануын көрген бе?
Пайғамбарымыз (с.а.с.) миғражға шыққанда, жүзі
жылы періштелерді көргеннен кейін жүзі суық, еш
күлмейтін, тозақтың қарауылы болған Малик атты
періштені көреді. Аллаһ елшісі (с.а.с.) бұл періштенің
кім екенін Жәбірейіл періштеден сұрап білгеннен соң,
Жәбірейілге: «Оған тозақты көрсетуін бұйырасың
ба?» – дейді. Жәбірейіл періштеге: «Ей, Малик!
Мұхаммедке (с.а.с.) тозақты көрсет!» – дейді. Малик
тозақтың үстіндегі жабуын ашқанда, қайнап тұрған
тозақ одан сайын қайнай түседі. Алдына түскеннің
барлығын жағып жіберетінін көрген Пайғамбарымыз
(с.а.с.) Жәбірейілге: «Ей, Жәбірейіл! Маликке бұйыр,
оны қайта орнына қайтарсын», – дейді. Жәбірейіл (а.с.)
тозақты орнына қайтару үшін Маликке әмір етті. Оның
«тыныштал» деген бұйрығынан соң тозақ шыққан
124
«Нәжм» сүресі, 17-18.