Previous Page  103 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 103 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

103

әрмен қарай арттыра түсуі үшін көп уақыт өтпей-ақ

Аллаһтың сыйлығы ретінде Исра мен Миғраж оқиғасы

берілді. Яғни, Нәбидің (с.а.с.) халқынан көрген зорлық-

зомбылығы Аллаһтың оған ашуланғанынан емес не-

месе қателік жасағандығынан емес екендігін білдірді.

Сондай-ақ дін жолында жүрген адамның халқынан

әрдайым қолдау мен қабылдау көрмеуі, керісінше,

олардан тепкі мен зорлық-зомбылық көру – Аллаһтың

заңы екендігінің көрінісі. Ақиқат жолында осындай

қиыншылық Аллаһтың сүйікті пайғамбарында орын

алса, дін жолында жүргендерде де осындай жағдайдың

болуы бек мүмкін.

Аллаһ расулы (с.а.с.) Қағбаның жанындағы Ха-

тим деген жерде ұйқылы-ояу жатқанда (кей риуаят-

тарда Үмми Ханидың үйінде) Жәбірейіл (а.с.) келіп

кеудесін жарып, жүрегін зәмзәммен жуып хикмет-

пен толтырады. Пыраққа мінгізіп, Харам мешітінен

Құдыстағы Ақса мешітіне апарады. Пайғамбарымыз

(с.а.с.) сонда барлық пайғамбарларға намаз оқытып,

рухани баспалдақпен рухани әлемге жол тартады.

Аспанның әр қабатында бір пайғамбарды кездестірді.

Бәрінің дұғасы мен жақсы тілектерін алып атта-

на берді. Аспанның бірінші қабатында Адам (а.с.)

пайғамбармен жолықты. Екінші қабатта хазірет Яхия

мен хазірет Исаны, үшінші қабатта хазірет Жүсіпті,

төртінші қабатта хазірет Ыдырысты, бесінші қабатта

хазірет Харунды, алтыншы қабатта хазірет Мұсаны,

жетінші қабатта хазірет Ибраһимді кездестірді. Содан

соң жаннат пен тозақты және ондағы жағдайды көрді.

Соңында Сидратул-Мунтаһаға жеткенде Жәбірейіл

періште артта қалды, өйткені жаратылыс жаратылғалы

бері бұл жерден ешбір тірі жан өтіп көрген емес. Бұл

ұлы сый Пайғамбарымызға (с.а.с.) ғана нәсіп болды,