

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
98
38. Хатшылық қызметін қай сахабалары
атқарды?
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) аузынан шыққан әрбір
сөзді қалт жібермей жазып алатын сахабалардың саны
қырыққа жуық еді.
Айша анамыздың (р.а.) риуаятында уахи келген-
де Пайғамбарымыздың «Кәне, Усейім, жаз» дейтіні
айтылған. Соған қарағанда хазірет Осман да (р.а.)
Пайғамбарымыздың аузынан төгілген інжу-маржанды
хатқа түсірген болса керек.
Келісімшарттарды хазірет Алиге (р.а.) жаздыратын.
Мәселен, құрайышпен арадағы келісімшартты, мал-
мүлікке қатысты жарлықтар, жеке тұлғаларға қатысты
хат-хабарларды қағазға түсіріп отырды.
ҮбәйибнКағыб(р.а.)ПайғамбарымыздыңМәдинаға
келгенде жазуын алғаш жазған ансарлық. Сондай-ақ хат
соңына «пәленшеұлы түгенше» деп атын қалдыруды да
алғаш жүзеге асырған осы Ибн Кағыб еді. Мәдинада
түскен уахилар да Үбәйдің қолынан жазылды. Ол жоқ
кездері жазу ісін Зәйд ибн Сәбит (р.а.) мойнына алып
отырған. Бұл істе өте шеберлік танытып, уахидан басқа
да жазатын көп жұмыстарды үздік орындаған. Хазірет
пайғамбар оған яһуди (еврей) тілін үйренуді тапсыра-
ды. Ибн Сәбит бұл тілді бес-ақ күнде меңгеріп алады.
Кейінірек сириялықтардың тілін үйренуді тапсырады.
Бұл жолы ол он жеті күнде үйреніп, ерекше қабілетін
байқатады.
Абдуллаһ ибн Әркам (р.а.) – Пайғамбарымыздың
нағашысы. Аллаһ елшісі әлдебір хат келген кезде «Кім
мынаған жауап жазады?» – деп сұрайды. Сол кезде
топ ішінде Әбу Бәкір мен Омарлардың отырғанына
қарамастан Абдуллаһ: «Мен жазайын», – деп суыры-