Previous Page  96 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 96 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

96

Сонан соң: «Ей, Айша, маған рұқсат бер, Раббыма

құлшылық жасайын», – деді де, дәретін жаңартып,

намазға тұрды. Намазда жылағаны соншалық – көз

жасы көкірегіне тамшылап жатты. Рукуғқа барғанда

да, сәждеге бас қойғанда да ұзақ уақыт жылады. Аллаһ

елшісінің жылауы таңғы намаздың уақыты кіріп, Біләл

азан айтқанға дейін созылды». Сонан соң: «Уа, Нәби!

Аллаһ сенің өткен және болашақ күнәларыңның бәрін

кешірді ғой. Неге мұншалықты таусыла жылайсың?» –

дегенімде, ол «

Аллаһқа шүкір қылған құл болмаймын

ба

114

және «Аллаһ тағала мына аятты түсірсе, қалайша

жыламайсың:

«Күмәнсіз көктер мен жердің жара-

тылуында, түн мен күндіздің алмасуында әлбетте

ақыл иелері үшін дәлелдер бар

115

. Олар тіке тұрып,

отырып, жамбастап жатып (кез келген жағдайда)

Аллаһты еске алады. Сондай-ақ олар көктер мен

жердің жаратылуы жайында ойланады да: «Раб-

бымыз! Сен мұны босқа жаратпадың. Сен пәксің,

бізді от азабынан сақта!». «Раббымыз! Сен кімді

отқа салсаң, расында оны қорладың, залымдардың

ешқандай жәрдемшісі жоқ». Раббымыз! Біз:

Раббыларыңа иман келтіріңдер (деп) шақырған

шақырушыны естіп, иман келтірдік. Раббымыз!

Күнәларымызды жарылқап, жамандықтарымызды

кешір, жақсылармен бірге өмір бер! Раббымыз! Бізге

елшілеріңе уәде еткендеріңді бер, сондай-ақ бізді

қиямет күні қор қыла көрме. Күдіксіз Сен уәдеден

ешқашан да таймайсың»

116

– деген аятты оқыды», –

деп баяндайды.

114

Мүснәд 169/93, 111 б.

115

Тарғиб, 2 т. 32 б.

116

«Әли Имран» сүресі, 189-193.