

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
102
(с.а.с.) жоғарыда аталған жалған дін өкілдерінің бірінен
сабақ алған десек, онда Құранда олардың сенімдерін
сөгетін аяттар кездеспес еді.
41. Исра мен Миғраж деген не?
«Исра» сөзі мағыналық жағынан «түнделетіп жол
жүру» дегенді білдіреді. Діни термин бойынша, Аллаһ
тағала сүйікті құлын (с.а.с.) түннің бір мезгілінде
Меккедегі Харам мешітінен Құдыстағы Ақса мешітіне
көзді ашып-жұмғанша апарып, қайта алып келуі.
«Миғраж» деген – жоғарыға көтерілетін саты. Ал
дініміз тұрғысынан Пайғамбарымыздың (с.а.с.) түннің
бір уақытында Ақса мешітінен Сидратул-Мүнтәһаға
120
барып келуін айтады. Бұл оқиға һижреттен бір жарым
жыл бұрын ережеп айында болған
121
.
Бұл оқиға орын алмай тұрыпАллаһ елшісі (с.а.с.) өте
қиын жағдайды басынан өткерді. Құрайыштықтардың
зәбір көрсетуі, зорлық-зомбылық көрсетіп, иман
еткен достарын азаптауы, оның үстіне Әбу Тәліп
пен Хадиша анамыздың қайтыс болуы, Тайыфқа
барғанда таспен ұрып, ешкім Пайғамбарымыздың
(с.а.с.) сөзін тыңдамауы, міне, осылардың барлығы
Расулаллаһтың қабырғасын қайыстыра түсті. Қатты
күйзелген Пайғамбарымыз Рабияның бақшасында
Аллаһ тағалаға жалбарынып дұға тіледі. Аллаһтың
алдында бір қателік істеп қойған шығармын де-
ген оймен: «Егер маған ашуланбаған болсаң, мен
көрген қорлықтардың барлығына төземін», – деп
дұға тіледі. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) алған бетінің
дұрыс екендігін растап, дінді жеткізу міндетін одан
120
Жаратылыстың соңғы шегі.
121
Ибн Сағыдтың «Табақатүл кубра» кітабында миғраж оқиғасы
һижреттен бір жыл үш ай бұрын болғандығы айтылады.