Previous Page  99 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 99 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

99

лып алға шығады. Аллаһ елшісі кейбір керек хаттарды

сақтауды да соған сеніп тапсыратын.

«Бисмиллаһ»-ты алғаш жазған сахаба Халид ибн

Саид есімді (р.а.) сахаба. Онымен қоса Халид ибн

Уәлид (р.а.), Ұқба (р.а.), Талха ибн Ұбайдуллаһ (р.а.),

Әбу Әюб Халид ибн әл-Ансари (р.а.), Әбу Суфиян ибн

Харб (р.а.), Бұрайда ибн Хұсайб (р.а.), Зүбәйір ибн Ау-

уам (р.а.) сынды сахабалар жазу-сызу ісінде қызмет ет-

кен.

39. Пайғамбарымыздың (с.а.с.)

айтқанының барлығы хадис па?

Хадистер

қатардағы

адамдардың

емес,

Пайғамбарымыздың айтқан сөздері. Бұған дәлел

Абдуллаһ ибн Амрдың (р.а.) мына сөзі: «Мен

Пайғамбарымыздан естіген әрбір сөзді жазып жүрдім.

Мақсатым оларды жаттау болды. Бірде құрайыштықтар

маған: «Пайғамбардан естіген әрбір сөзді жазасың,

алайда ол да адам, кейде көңілді кезінде айтады, кей-

де ашуланып сөйлейді», – деп, менің хадисті жазу-

ыма қарсылық білдірді. Содан кейін хадис жазуды

тоқтаттым. Кейін бұл жағдайды Пайғамбарымызға

(с.а.с.) баяндағанымда, ол: «

Жаз! Шыбын жанымды

құдіретті уысында ұстаған Аллаһпен ант етейін, ау-

зымнан шыққанның барлығы ақиқат

»

118

, – дейді. Олай

болса, Пайғамбарымыздың айтқан сөздерінің барлығы

хадис болып саналады. Құранда Пайғамбарымыздың

айтқандарының барлығы ақиқат екендігі жайлы: «Ол өз

ойынан сөйлемейді. Сөйлегені көкейіне салынған уахи

ғана»

119

деп нақтылаған.

118

Әбу Дәуіт, Сүнән 2/286.

119

«Нәжім», 3-4-аяттар.