Previous Page  113 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 113 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

113

күнін кешті. Аллаһ елшісі (с.а.с.) дінді толық жеткізіп

болған соң, Аллаһтың белгілеген сағаты келіп, ақиретке

аттанар сәтінде ол жеген у күшіне еніп, науқасын арт-

тыруы мүмкін, өйткені Пайғамбарымызбен бірге ула-

нып қайтыс болған Бишрдің анасы Умму Мубашшир

Аллаһ елшісі (с.а.с.) науқастанып, дүние салар сәтінде

қалын сұрап келіп: «Мүмкін сіздің науқастануыңыздың

себебі менің ұлымның уланған уы болар», – деген. Сон-

да Пайғамбарымыз (с.а.с.):

«Менің науқастануымның

себебі сол нәрседен басқа еш нәрсе емес. Сол мені

құртатын (ажалыма себеп болатын) секілді

», – деп

жауап берген

133

.

Жалпы әр қиындықтың бір сыйы болғаны секілді

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) дін жолында уланып,

одан ауырлық сезініп дүние салуы оның ақиреттегі

сауабының артуы, дәрежесінің жоғарылауы, тіпті шейіт

болуына себеп болады десек қателеспейміз, өйткені

кейбір ғалымдар осы пікірді бірауыздан мақұлдайды.

Аллаһ жолында жүріп, төсекте қайтқан адам да шейіт

кететінінемына хадисі дәлел:

«Кімде-кімХақтағаладан

шынайы ниетімен шейіт болуды сұраса, төсегінде

жатып жан тапсырса да, Аллаһ оны шейіттердің

мәртебесіне жеткізеді»

134

.

Шейіт болу мұсылман үшін үлкен дәреже. Ақиретте

есеп-қисапқа түспей жаннаттың төрінен орын алу деген

сөз. Алайда Пайғамбарымыздың (с.а.с.) шейіт болып не-

месе болмай дүниеден өтуі оның ақиреттегі дәрежесін

төмендетпейді. Оның ақиреттегі орны Аллаһ жолында

құрбанболғаншейіттердіңдеңгейінендежоғарыекендігі

бесенеден белгілі. Бұған дәлел Құрандағы: «

Кімде-кім

Аллаһқа және Пайғамбарға бойсұнса, Аллаһ олар-

133

Ахмад ибн Ханбал, Мүснад, Бейрут, Дарус-садр, 6 т 18 б.

134

Мүслим, Имара 157.