Previous Page  117 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 117 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

117

бұрын (жаннатқа) барып, бұлақтың басында қонақ

ету үшін күтемін...»

140

деп ақиретке дейінгі келетін

үмбетін қалай танитындығын әрі оларды күтетіндігін

айтқан

141

.

Аллаһ елшісі (с.а.с.) өзін көрген сахабаларды да,

өзінен ақиретке дейін келетін бауырларын да қатты

жақсы көреді. Ол (с.а.с.) өте мейірімді әрі кешірімді.

Құран кәрімде Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с.)

асқан мейірімді, үмбетіне жанашыр екендігін бейне-

леп, үмбетінің қиналғаны оған ауыр келетінін білдіріп

былай деген:

﴿لَقَدْ جَاءكُمْ رَسُولٌ مِّنْ أَنفُسِكُمْ عَزِيزٌ عَلَيْهِ مَا عَنِتّمْ حَرِيصٌ عَلَيْكُم

بِالْمُؤْمِنِينَ رَؤُوفٌ رّحِيمٌ﴾

«Расында, сендерге араларыңнан ардақты бір

пайғамбар келді. Қиналғандарың оған ауыр тиеді.

Сендерге өте ынтық. Мүминдерге өте жұмсақ, ерек-

ше мейірімді»

142

.

Аяттағы «рауф, рахим» Аллаһ тағаланың көркем

сипаттарына жатады. Алайда Пайғамбарымыздың

үмбетіне деген шексіз мейрімінен, жұмсақтығынан

Аллаһ тағала бұл екі сипатты Пайғамбарымызға

(с.а.с.) берген. Осы сәтке дейін ешбір пайғамбарды

мұндай Аллаһтың екі көркем сипатымен сипаттаған

емес. Аятта мұсылмандардың қиналғандары оған

140

Хадистің жалғасы: «Байқаңдар! Түйенің өз келесінен

қуылғаны секілді кейбіреулер менің де бұлағымнан қуылады.

Мен оларға «Келіңдер мұнда» дегенде маған: «Олар сенен

кейін басқа жолды таңдап адасты, үлкен күнә істеді» деп

айтылады. Содан кейін мен де: «Онда бізден аулақ кетсін,

аулақ деймін».

141

Мүслим,Тахарат 39

142

«Тәубә», 128