

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
120
жақындатылады, әрбір адам жан қиналысынан, уай-
ымнан шыдай алмайтындай күйге түседі де бір-біріне:
«Мынадай жан қиналысымызды, басымызға
келген жағдайымызды көрмейсіңдер ме? Халімізді
Раббымызғаайтып,шапағатететінбіреудітабудыеш
ойландыңдар ма?» – деп сұрайды. Сонда кейбіреулері:
«Атамыз Адам атаға барыңдар», – деп айтады.
Олар Адам атаға барып: «Уа, Адам! Сен адамдардың
әкесісің. Сені Аллаһ тағала құдірет қолымен жарат-
ты. Саған өзінің рухынан үрледі. Періштелердің саған
сәжде жасаулары бұйырылды. Сені жаннатқа кіргізді.
Бізге шапағат ет», – деп шағымданады. Сонда ол:
«Бүгін Раббым өте ашулы. Бұрын-соңды бұлайша ашу-
лы болған емес. Раббым сол ағашқа жақындамауымды
бұйырған болатын, мен оны тыңдамадым. Негізінде,
менің өзім шапағатқа мұқтажбын. Сендер Нұхқа
барыңдар», – дейді. Олар Нұхқа барып:
«Ей, Нұх! Сен жер бетіне жіберілген елшілердің ең
алғашқысысың. Аллаһ тағала саған «мол шүкір етуші»
деген болатын. Біздің мынадай қиын жағдайымызды
көрмеймісің? Бізге шапағат ет», – дейді. Сонда Нұх:
«Бүгін Раббым қатты ашулы. Бұрын-соңды мұндай
ашулы болған емес. Менің бір дұғам бар болатын, ол
дұғаны да қауымыма қарсы қолдандым. Негізінде,
мен өзім шапағатқа мұқтажбын. Сендер Ибраһимге
барыңдар», – деп жөн сілтейді. Олар Ибраһим
пайғамбарға барып:
«Сен Аллаһтың пайғамбарысың, Аллаһтың досы
атандың. Раббымызға барып бізге шапағат ет!
Басымызға мынадай қиын күн туғанын көрмейсің
бе?» – дегенде, ол былай дейді: «Бүгін Раббым қатты
ашулы. Бұрын-соңды мұндай ашулы болған емес. Мен
уақытында үш мәрте жалған сөйледім. Негізінде,