

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
121
мен өзім шапағатқа мұқтажбын. Сендер Мұсаға
барыңдар», – дейді. Олар іле Мұса пайғамбарға барып:
«Уа, Мұса! Сен Аллаһтың елшісісің. Аллаһ саған
пайғамбарлық беруімен қоса сенімен тілдесу арқылы
басқа адамдардан дәрежеңді жоғары етті. Аллаһ
тағаланың құзырында бізге шапағат ет», – дейді. Ол:
«Бүгін Раббым қатты ашулы. Бұрын-соңды мұндай
ашулы болған емес. Мен өлтіруім міндеттелмеген бір
адамның жанын қидым. Негізінде, мен өзім шапағатқа
мұқтажбын», – дейді. Адамдар енді Иса пайғамбарға
барып:
«Уа, Иса! Сен Аллаһтың елшісісің, оның Мария
анамызға жіберген сөзісің әрі жаратқан рухысың,
сен бесікте жатып адамдармен тілдестің. Аллаһ
тағаланың құзырында бізге шапағат ет! Біздің қатты
қиын жағдайда екенімізді көрмеймісің?» – дейді. Сон-
да Иса: «Бүгін Раббым қатты ашулы. Бұрын-соңды
мұндай ашулы болған емес», – дейді де, ешбір күнәсін
айтпайды. Содан кейін сөзін жалғастырып: «...
Негізінде, мен өзім шапағатқа мұқтажбын. Сендер
Мұхаммедке барыңдар», – дейді. Сонда маған келіп:
«Уа, Мұхаммед! Сен Аллаһтың елшісі әрі соңғы
пайғамбарысың. Аллаһ тағала сенің өткен және
болашақтағы күнәларыңды кешірді. Раббыңның
құзырында бізге шапағат ет», – дейді.
Сонда мен Аллаһтың аршының жанына келіп,
Раббының құзырында сәждеге жығыламын. Со-
сын Аллаһ тағала бұрын-соңды ешкімге үйретпеген
шүкіршілік пен мақтауды жүрегіме салады. Сосын
маған: «Ей, Мұхаммед! Басыңды сәждеден көтер! Не
қаласаң сол саған беріледі. Шапағат ет, шапағатың
қабыл болады», – деп айтылады. Мен басымды
сәждеден көтеріп: