

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
114
ды өз нығметіне бөлеген пайғамбарлармен, шын-
шылдармен және ізгі жандармен бірге болады
...» де-
ген аят. Мүміндер пайғамбарға еріп сол жолда құрбан
болғандықтары үшін шейіт кетіп жатса, пайғамбарлық
деңгей одан әлдеқайда жоғары екені анық.
45. Махмуд дәрежесі қандай дәреже?
Араб тіліндегі «Мақам махмуд» сөзінің мағынасы
«мақтаулы дәреже» дегенді білдіреді. Ақиретте адам-
дар Пайғамбарымыздың (с.а.с.) шапағатымен есептері
тез аяқталып, көп өтпей мәңгілік рақатқа қауышады.
Бұған Пайғамбарымыздың (с.а.с.) махмуд дәрежесі се-
беп болады. Ислам ғұламалары
«Түн ортасында оя-
нып, өзіңе тән нәпіл оқы. Раббыңның сені махмуд
дәрежесіне жеткізуінен үміт етіледі»
135
деген аятта
айтылған махмуд дәрежесінің мағынасын «шапағат ету
дәрежесі» деп те тәпсірлеген. Бұлайша тәпсірленуінің
түп негізі мына хадисіне барып тіреледі. Аллаһ елшісі
(с.а.с.) бірде «мақам махмудты» «
Менің үмбетіме
шапағат ету дәрежем
»
136
десе, тағы бір хадисінде
«Қияметте жұрт тегіс жиналады. Әр үмбет өз
пайғамбарынан шапағат сұрайды. Соңында шапағат
ету маған қалады. Міне, махмуд дәрежесі осы»
137
деп
махмуд дәреженің шапағат ету дәрежесі екенін айтып
берген.
Ендеше, Мұхаммед (с.а.с.) үмбетіне ақиретте
шапағат етеді. Мұсылман үмбетінің үлкен күнә
істегендері Аллаһ елшісінің (с.а.с.) мақтаулы
дәрежесінің, шапағатының арқасында кешірілуі үміт
етіледі. Сол себепті Пайғамбарымызға (с.а.с.) мақам
135
«Исра», 79.
136
Ахмед ибн Ханбал, 2/441, 528.
137
Бұхари, Тәпсір 17/11.