

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ
111
Пайғамбар кешкі уақытта намазды жамағатпен
оқып, қайтатын уақыт болған сәт еді. Қайтарда яһуди
әйелдің жолда отырғанын көріп қалады да, ол әйелден
не үшін отырғанын сұрайды. Ол: «Сендерге сыйлығым
бар еді», – деп, дәмді піскен ешкінің етін сыйға тартады.
Пайғамбарымыз етті дастарқанға қойып, сахабалары-
мен бірге отырады. Аллаһ елшісі бір жапырақ етті аузы-
на салып, біраз шайнағаннан кейін: «Тез қолдарыңды
тартыңдар! Мына сүйек маған улы екенінен хабардар
етті», – деп айтып үлгерді. Сахабалар тартынып қалды,
тек Бишр ибн Бәлта бір үзім етті жұтып қойып еді.
Отырған жерінде тіл тартпай кетеді.
Артынша етті пісірген Зейнепті шақырып, бұл ісінің
себебін сұрады. Сонда Зейнеп: «Егер сен шынымен-ақ
Аллаһтың жіберген пайғамбары болсаң, бұл у саған
әсер етпейді. Ал егер пайғамбар болмасаң, адамзат-
ты сенің кесіріңнен құтқаруды қаладым», – деп жауап
бергені айтылады
131
. Бұл әйелдің өмірінің соңы жайлы
екі риуаят бар. Біріншісі, Бишрдің мирасқорлары қысас
жасап әйелді өлтірді дегенге сайса, екіншісі, әйел иман
етіп, мұсылман болып, азат етілді делінген
132
.
Пайғамбарларды өлтірумен даңқы асқан, әсіресе,
адамды улап өлтіруде алдына жан салмайтын
яһудилердің бұл жолғы айласы да іске аспады. Осылай-
ша Аллаһ тағала Пайғамбарды түрлі қастандықтардан
қорғады, әрі дінді толығымен халыққа жеткізгенге
дейін дұшпандарынан қорғайтынын жоғарыдағы аят-
пен уәде еткен болатын.
Дін толығымен 23 жылда түсіп біткеннен кейін,
шариғатты толығымен адамдарға жеткізгеннен соң,
131
Мұхаммад ибн Сағд «Табақатул-кубра», Бейрут: Дарус -садр,
2 т, 201 б.
132
Бұхари, Һибә, 27; Әбу Дәуіт, Диәт, 6, Ибн Кәсир, 4/237.