Previous Page  159 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 159 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

159

сол арқылы мемлекеттің ішкі құпия істерін біліп,

аңысын аңдып отырған. Бұл жерде ескерерлік бір

жайт Пайғамбарымызға (с.а.с.) қанша мәрте ансарлық

қыздарды ұсынса да үйленбеген және ансарларға да

қыз бермеген. Осылайша ансарлықтармен арасын-

да туындайтын қайшылықтың алдын алған. Егер

Пайғамбарымыз (с.а.с.) ансарлықтарға қыз беріп, туыс

болғанда олар: «Біз Аллаһ елшісіне (с.а.с.) ең жақын

туыспыз», – деп мұсылмандар арасында қызғаныш

пайда болып, келіспеушіліктер туындауы мүмкін еді,

сондықтан Пайғамбарымыз (с.а.с.) барлығына теңдей

қараған.

Аллаһ елшісінің үйленуді саяси мақсатта

қолдануының басты үлгісі төрт халифамен құрған

туыстық байланысы. Иә, Пайғамбарымыз (с.а.с.) өзінен

кейінгі Исламның тірегі болған төрт халифаны туыстық

қатынас арқылы өзіне жақын ұстаған. Мысалы, Аллаһ

елшісі (с.а.с.) Әбу Бәкір мен Омардың қыздарымен

үйленді, Али мен Османға қыздарын берді. Алимен

туыс еді, сонымен бірге қызы Фатиманы беріп күйеу

бала ретінде одан да жақын туыс болды. Османға екі

қызын беру арқылы онымен арасын екі есе жақындатты.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) Омардың қызы Хафсамен

үйлену арқылы, Омардың Әбу Бәкірмен және Осман-

мен арада болған реніштерін ұмыттырып, татуласты-

рып, бір-бірімен дос ете білді.

Мақсатсыз іс қылмайтын Пайғамбарымыздың

(с.а.с.) әйел алуының да астарында Аллаһтың дініне

деген қызмет түсінігі жатқан. Өзінің жеке өмірлік

мәселелерін де Аллаһ жолына сарп еткен, өйткені оның

жалғыз ғана мақсаты Исламды адамзаттың барлығына

жеткізу болатын.