Previous Page  163 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 163 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

163

кетіп жүрер, бірақ өз құрбандарыңды шалып, оларға

ләм-мим деместен барып ихрамнан шық. Бұйрығыңның

айқындығын сонда ғана аңғарып, қаласа да, қаламаса

да, саған бағынады», –

дейді. Аллаһ елшісі (с.а.с.) де

осылай ойлаған. Дереу қолына пышақ алып, шатыры-

нан шықты да, өзіне тиісті құрбандарды шала бастады.

Ол бір-екі құрбан шалысымен, сахабалар да өздерінің

құрбандарын шалуға кірісті. Берілген бұйрықтың

өзгермейтіндігіне сол кезде ғана көздері толық жетті

194

.

Иә, қабырғасымен кеңесу де, ақылдасу да алғаш

рет пайғамбар шаңырағында басталды. Әйел заты бір

бүтіннің жартысы. Екі жарты қосылғанда ғана адамзат

бір бүтінге айналмақ. Пайғамбарымыз (с.а.с.) осылай-

ша тәрбиені өз шаңырағынан бастаған.

Әйелдермен кеңесу жайлы біршама өнегелер мен

хадистер қалдырды. Мысалы, «Әйелдерге қатысты

мәселелерде, әйелдермен кеңесіңдер»

195

, «Қыздарыңа

байланысты мәселелерде әйелдермен кеңесіңдер»

196

,

«Жесір әйел кеңесу арқылы тұрмысқа беріледі, ал

пәк қыздар өздері рұқсатын бермейінше, күйеуге

берілмейді»

197

.

Бірде бойжеткен қыздың қалауынсыз, оның ойын

білместен, әкесінің мәжбүрлеуімен болған некені Аллаһ

елшісі (с.а.с.) құп көрмеген

198

.

Құрандағы бір сүреге «Шура» (Ақылдасу) деген

ат берілгені де тегін емес. Бұл сүреде

«Олар әр ісін

жұртпен ақылдасып істейтінжақсыадамдар...»

199

деп

194

Бұхари, Шурут, 15.

195

Усудул-Ғаба 4,15

196

Әбу Дәуіт; Никах 24,

197

Бұхари, Иқрар 4

198

Бұхари, Икраһ 4

199

«Шура» сүресі, 48.