Previous Page  177 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 177 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

177

сында дұшпаныңның өзі ұрпақсыз қалады

»

228

, – деп

жауап береді. Бұл аяттағы «Кәусар» сөзі «жаннаттың

бұлағы» деген мағынаны берумен қатар «көп, мол» де-

ген мағынаны да білдіреді, сондықтан тәпсіршілер бұл

сөзге «

көп үмбет»

деген мағына берген. Олай болса,

Мұхаммедке (с.а.с.) ұл баланың орнына «Кәусар», яғни,

көп үмбет берілгендігі, яғни, қарапайым адамдарға

ер бала беру арқылы санаулы ұрпақ берілсе, Аллаһ

елшісіне (с.а.с.) иман жолы арқылы шынайы ұрпағы,

яғни мыңдаған мұсылман үмбеті сый ретінде берілді.

Ұрпағын жалғастыратын Пайғамбарымыздың (с.а.с.)

өз ұлдары шетінеп кете бергенімен, Мекке мен Мәдина

қалаларындағы мешіттермен қоса бүкіл жер бетіндегі

мешіттерді толтырған, миллиардтаған үмбетінің өзі

оған шынайы ұрпақ болды. Әке-анасына дұға ететін

ер бала емес, Аллаһ елшісіне (с.а.с.) күніне аз дегенде

бес мәрте дұға ететін, аты аталса салауат айтатын, саны

күннен күнге артып отыратын мұсылман үмбеті берілді.

Олай болса, Пайғамбарымызды (с.а.с.) сол кездері

ұрпақсыз деп айтқандардың өздері үрім-бұтағымен

жойылып кетті.

Аллаһ елшісінің (с.а.с.) ер балалары ерте жа-

стан, тіпті 2 жасқа жетпей шетінеп кетуінің тағы бір

сыры, егер олар өмір сүргенде Пайғамбардың баласы

болғандықтан ер бала да пайғамбар болар еді. Бұл сыр-

ды Аллаһ елшісі (с.а.с.) мына хадисімен түсіндірген.

Ибн Аббас былай дейді: Аллаһ елшісінің (с.а.с.) ер ба-

ласы қайтыс болғанда, оның жаназа намазын оқып, ар-

тынша: «

Оның жаннатта сүт анасы болады. Егер тірі

қалғанда шыншыл бір пайғамбар болар еді және ешбір

қыбти құл болмас еді

», – деп айтты деген. Ал Аллаһ

елшісінен (с.а.с.) кейін пайғамбар келсе, ол (с.а.с.)

228

«Кәусәр» сүресі, 1.