Previous Page  181 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 181 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

181

деген аятты жаттататын

236

. Мұнымен қатар «лә

илаһа иллаллаһ» деген кәлима шаһадатты үйрететін.

Балалардың жасына қарай 6-7 жасында намаз оқуды,

10 жасында егер намаз оқымаса, ұрсу, денесіне ба-

тырмай ұру әрі бөлек жатқызу керектігін де айтқан.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) Алиді 9 жасында Исламға

шақырған. Сонымен қатар, балаға жазу-сызу оқу т.б.

өмірге қажетті нәрселерді де үйретуге ынталандырған.

70. Балаларды қаншалықты жақсы

көрген?

ҚаншамажылжанындажүріпқызмететкенӘнасибн

Мәлик (р.а.): «Отбасы мүшелеріне Пайғамбарымыздан

(с.а.с.) артық мейірім көрсеткен жанды көрген емеспін»,

– дейді.

Ат тұяғы жетер жердің бәрін аузына қаратқан

сүйікті Елші (с.а.с.) екі немересі Хасан (р.а.) мен

Хүсейінді (р.а.) арқалап алып аулада серуендеп жүретін.

Бірде осыны көрген хазірет Омар (р.а.) «Мінгендерің

қандай керемет!» – дегенде, Пайғамбарымыз:

«Олар

тамаша мінушілер!» –

деген еді. Екі бала ол кезде

бұл сөздің астарын түсінетін жаста емес шығар, бірақ

Пайғамбарымыз (с.а.с.) оларды осылай тәрбиелеген.

Басқа бір жолы немерелері мойнына асылғанда:

«Астарыңдағы мінгендерің қандай жақсы, үстіндегі

сендер де тамаша мінушілерсіңдер!

» – деген еді.

Бала тәрбиесінде де орта жолды ұстанған. Ба-

лаларды жанындай жақсы көріп, сол махабба-

тын бүлдіршіндердің өздеріне сездіретін еді. Бұл

махаббаттың да кері әсер етпеуіне мұқият мән беретін.

Онсыз да балаларының арасында жамандыққа бара

236

Ибн Әби Шәйба 1,348