Previous Page  218 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 218 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

218

жуығы яһудилер, қалғандары араб мүшріктері бола-

тын. Олай болса, осындай әртүрлі сенім иелері арасын-

да ортақ келісімге келуге Мәдина халқы қатты мұқтаж

еді, өйткені ғасырлар бойы Әус пен Хазраж арасындағы

соғыс жалғасып жатты. Руаралық қақтығыстарды бы-

лай қойғанда, Қайнуқа, Надыр және Құрайза арасын-

да жік-жікке бөлініп соғысу да жиі болатын. Руаралық

қақтығыстың жиі болуы елдің әлеуметтік жағдайын

төмендетіп, керуендер тоналып қалмау үшін Мәдинаны

айналып өтетін болды. Тіпті, Мәдинада өмір сүрген

тайпалардың өзі мезі болған осындай соғыстарды

тоқтатып, барлығын бір орталыққа жинайтын сыртқы

күшті күтті. Аллаһ елшісі (с.ғ.с.) осы жағдайдың

оңтайлы шешімін тауып, Мәдинада бейбіт заманды

қамтамасыз ету үшін барлық руды бір жерге жинап,

келісімшарт жасады.

85. Мешіті қалай жарықтандырылған еді?

Һижреттің алғашқы жылдарында таң мен құптан

намаздары кезінде мешіт ішіне кептірілген құрма

ағаштары жағылып жарық берілетін. Тәмимүд-Дари

деген сахаба Шамнан алтын шырағдан бауларын ала

келген екен. Бір жұма кешінде соны жағып қояды.

Шырағданның ішіне білте салып, зәйтүн майын құйған

екен. Пайғамбарымыз (с.а.с.) мешітке кіріп келіп аң-

таң болады. Мұны істеушінің Тәмимүд-Дари екенін

естіп, ол кісіге:

«Сен Исламды нұрландырдың, мешітті

көркейттің. Аллаһ та сені дүние мен ақиретте

нұрландырсын», –

деп дұға етеді. Кейін осы әдісті

тұрақты қолданды. Шамды Фатих деген бозбала жағып

жүрді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) оны «Сираж» деп атай-

тын. Келе-келе халайық оны осылайша атап кеткен

деседі.