Previous Page  228 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 228 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

228

сала иман ететін. Елдеріне кеткеннен кейін де барған

жерлерінде Исламды уағыздайтын.

Ғаламның рақым нұры (с.а.с.) мұнафық пен

мұсылманға, кәпір мен кітап иелеріне де түгел мейірімін

төге білді. Пайғамбарлық ісінің мүлтіксіз орындалу-

ына да осы мейірімі сеп болған. Жоғарыдағы сахаба-

ларына да соны тапсырған. Сахабалар да аз уақыттың

ішінде адамзаттың асыл тәжінен (с.а.с.) алған тәлімінің

арқасында Исламның іргетасын берік етіп іргелі ел

қылды.

91. Науқастарды зиярат еткенде нендей

мәселелерге мән берген?

Аллаһ елшісі (с.а.с.) науқастардың көңілін сұрауды

мұсылманның мұсылман алдындағы парыздарының

бірі деп білген. Дертке шалдыққан дімкәс жандардың

хал-жағдайын сұрамағандардың Аллаһ тағаланың

мейірімінен мақұрым қалатынын жеткізген. Үйіне

қайта оралғанға дейін науқасты зиярат еткен адам үшін

періштелер кешірім тілейтінін айтқан. Пайғамбарымыз

(с.а.с.) ересектердің ғана емес, жас балалардың да хал-

жағдайын білуді естен шығармаған. Көңілін сұрай

барған науқасты оң қолымен сипап отырып:

«Күллі

дүниенің Раббы – Аллаһ тағалам, құлыңның дертін

сейілтіп, оған шипа бер. Шипаны беруші бір ғана

Өзіңсің. Сенің шипаңнан басқа шипа жоқ. Бұған ешбір

аурудың ізін қалдырмайтын шипа бер

», – деп дұға

ететін.

Жиені ауырып әл үстінде жатқанда, қызы Зейнеп

(р.а.) Пайғамбарымызға (с.а.с.) кісі жібертіп, баласының

өлім аузында жатқанын айтады. Пайғамбарымыз

(с.а.с.) табалдырықтан аттағанда, жас бала алып-ұшып

атасының құшағына кіріп кетеді. Мейірім елшісі көз