Previous Page  230 / 276 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 230 / 276 Next Page
Page Background

Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы 111 сұрақ

230

Ұсама қыз болғанда, әшекейлермен сәндеп, киім кигізіп

сәндер едім»

316

– дейді».

Аурудың көбі астан келетіні белгілі. Осыны ескер-

ген Пайғамбарымыз (с.а.с.) асқазанның қалыпты жұмыс

істеуіне аса мән берген. «Асқазанның үштен бірін асқа,

үштен бірін суға арнап және үштен бірін тыныс алуға

қалдырыңдар» деп айтып отыратын. Көп тамақ жеудің

денсаулыққа зияны өз алдына, ысырап болатынын да

ескертетін. Ал дінімізде ысыраптың кез келген түрі ха-

рам болып саналады. Қомағайлықпен ретсіз жеп-ішу

ысырапқа сеп болғандықтан оны ұнатпайтын. Бірде

семіздеу бір кісіге

«Бұдан гөрі кішкене арықтар ма

едің?»

317

дегені бар.

«Китабу тыб» (ем кітабы) атты хадис кітабында

Аллаһ елшісінің (с.а.с.) денсаулыққа аса мән бергендігі

айтылады. Бала туылысымен құлағына азан мен қамат

оқылуын бұйырып, «Осылайша Үммі сыбиян

318

балаға

зиянын тигізбейді»

319

деген.

Хасан мен Хүсейінді барлық жын-шайтаннан, жа-

нуарлардан, көз тиюден қорғау үшін Құраннан кейбір

аяттарды оқып, Аллаһтан амандық тілейтін. Хақ елшісі

(с.а.с.) Үммі Сәламаның жанында көз тиюден жылаған

балаға «руқия»

320

оқуды бұйырады. Балалардың

тамақ ісіну (ангена) себебінен тамақ бездерін алды-

рып тастауға тыйым салып, оның орнына «ғудул-

316

Ибн Мажә, Никах, 49.

317

Хайсәми, Зәуайд 5/37

318

Жас балаларға үйірсек жынның аты

319

Азимабади 14/9; Бәйһақи; (әлсіз хадис)

320

Науқасқа Құраннан «Фатиха», «Аятул-курси», «Әманар-

расул», «Ықылас», «Фәлақ», «Нас» және Пайғамбарымыздың

кейбір хадистерін оқу арқылы Аллаһтан шипа тілеу «Руқия»

деп аталады.