206
Ала жіпті аттама
сауал төңірегінде зерттеулер жасап, шын тақуа адамның
кісі ақысын аяқ асты етпейтінін оқырманға жеткізуді
мақсат еттік. Кісі ақысының ауыр күнә екенін айта от-
ырып, егер бұл күнә болған жағдайда ең алдыменен
не істеу керек екенін түсіндіруді ұмыт қалдырмадық.
Ақырында кітапты Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм)
қоштасу қажылығында ерекше тоқталып кісі
ақысына мән бергенін айтып, «мұсылманның барлық
нәрсесі: қаны, малы, арының басқа мұсылманға харам»
деген хадисті негізге алып қорытынды жасадық.