Previous Page  204 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 204 / 216 Next Page
Page Background

204

Қорытынды

Бір атанғажүк боларлық осыбір тақырыптықаузамас

бұрын аздап жүрексінгенімізді де жасырмаймыз. Қолға

алған тақырыпты жан-жақты талдап, шамамыз жеткен-

ше түсіндіре білуге тырыстық. Кітапты жазу барысында

алдыменен «Ислам дінімізде жалпы болмыстың құқы

бар ма?», «Бар болса адам құқы қаншалықты?», «Адам

баласы әлсіз жаратылыс ретінде өзін-өзі қалай ұстауы

керек?», «Аллаһтың әрдайым қамқорлығына мұқтаж

адам баласына өзгелердің арын аяққа таптау жараса

ма?» деген сұрақтарға жауап іздедік. Қасиетті Құран

аяттары мен пайғамбар

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

хадистерін

ақтара отырып мұның жауабын таптық та. Барынша аят-

хадиспен көкейдегі сауалдарға жауап беруге тырыстық.

Аят-хадистің мәнін аша түсу үшін бірқатар діни

қиссаларды да кірістірдік. Сонау жыраулар заманындағы

қазақ қоғамына көз жүгіртіп, ата-бабамыздың адам арын

қаншалықты қадірлегенін көріп, ұрпаққа сабақ қылу

мақсатында жыр-дастандарынан үзінді де келтірдік.

Кісі ақысы сырттай қарағанда кішкене ғана тақырып

болғанымен, адамның ақыреті үшін үлкен маңызы ба-

рын ескеріп, тақырыпты барынша талдай түстік. Арғы

дүниеде Аллаһ тағала ақысы кеткен кісі мен ақы же-

ген адамның ісіне араласпай өздерін оңаша қалдырады

дегенді ескеріп, сөз негізін бұл дүниеде кісі ақысына

барынша сақ болу керек дегенге келтірдік. Осы істің

барысында елге, Исламның өркендеуіне титтей де болса

үлесі тиер-ау деген үмітіміз де болды.